Жарияланған күні: 14.07.2015 17:14
Өзгертілген күні: 14.07.2015 17:15

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және  СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасымен  маусым  айына «Чекті суретке түсір-тосын сый ұтып ал!»акциясының купондар ұтысы  өткізілді.  

  Акцияға қатысушы (7-777-...-...-.. ) нөмірінен бақылау-кассалық машинаның чегін жіберген,  Петропавл қ. тұрғыны  Жанна Жантілеуқызы Күшбасова  «СМАРТФОН SAMSUNG GALAXY A7 DUOS LTE» құнды сыйдың иесі атанды, сондай-ақ СҚО бойынша МКД Құрмет грамотасымен мараптталды.   

1  маусымнан бастап 30 маусым бойынша смартфон арқылы  1048 чек жолданған.Салық кодексінің 649 бабы 3 тармағының талаптарына сәйкес акциядағы ұтысқа  976 чек қабылданды. 

Акцияға қатысуға 72 чек қабылданбады:  13 чек бойынша сурет түзу көрсетілмеген (бейнесі көрінбейді) және 59 чек өткен кезеңдерге (чек берілген күн өткізілмеген кезеңде:   2013 жыл, 2014 жыл және 2015 жылғы  қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айлары).    

Акцияны өткізу кезеңі  2015 жылдың 1 мамырынан бастап 30 қараша бойынша, Петропавл қаласының аумағында берілген, бақылау-кассалық машиналардың чектері қатысады, купондар ұтысы ай сайын өткізіледі.

Акцияға қатысу үшін    www.kkm.integro.kz   сайт не   play market  арқылы   арқылы мобильді   қосымшаны түсіру қажет.

 Осы қосымша қатысушыларға смартфонның көмегімен чекті суретке түсіріп алуға  және Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдауға мүмкіндік береді.