Жарияланған күні: 24.12.2015 17:35
Өзгертілген күні: 24.12.2015 17:36

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен  бейнеконференция түрінде Республикалық деңгейде  «Чекті талап ет-жүлде ұтып ал!» акцияның 3 қорытынды кезеңі өткізілді- бұл  бас жүлде «Chevrolet» маркалы автомобильді және жұбаныш жүлделерінің  ойыны.   

Облыстық дейгейдегі екінші кезеңнің ай сайынғы ойындарының 124 жеңімпазы  және олардың арасында  - бас жүлдеге 8 үміткер біздің облыстың  тұрғындары қатысты.   

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожин және «Атамекен» ҚР КҰП басқармасының төрағасы А.Мырзахметов   тұтынушылардың құқығын қорғау, бақылау-касса машиналарын қолдану жолымен салық төлеушілер арасында салықтық тәртіпті арттыру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру – акцияның негізгі мақсаттары туралы  баяндамамен  іс-шараны ашты   және  де  қатысқандары үшін алғыс  білдірді.

Қатысушылар купондарының  ойыны  лоторея барабанын шыркөбелек айналдыру  арқылы  өткізілді. 

Басында 100000 теңге, 200000теңге  және  300000теңге  сомасында ақшадай жұбаныш жүлделері ойналды, олардың  иелері  Қостанай, Атырау  және Алматы облыстарының тұрғындары   анықталды.

Сондай-ақ бас жүлденің  иегері Шығыс  Қазақстан облысының тұрғыны А.Мусин  анықталды. Осыған байланысты, біз акция  қатысушыларын құттықтаймыз.

Өкінішке орай, ойынның 3 кезеңінде біздің облыстың қатысушыларының жолы болмады.