Жарияланған күні: 21.06.2019 10:44
Өзгертілген күні: 21.06.2019 10:46

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Әділет министрлігінің және Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 228-VІ  Заңымен ратификацияланған «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы» хаттаманы іске асыратынын хабарлайды.

Аталған Хаттама шеңберінде 2019 жылғы 6 мамырда Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі және Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортқа тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі келісілді" Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасында қол қойылды.

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесіне, атап айтқанда, тауарлық бензиндер, базалық майлар, ауыр дистилляттар мен мазуттар, мұнай битумы, вазелин және парафиндер, сондай-ақ битуминозды жыныстардан алынған мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеуден қалған қалдықтар кірді.

Аталған бірқатар тауарлар бойынша тыйым тар мамандандырылған ерекшеліктерді қамтиды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесіне қатысты екінші тыйым салу - жеңіл дистилляттарға, авиакеросиндерге, дизель отыны мен газойлдарға қолданылады.

Тыйым салу мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады.

Ақпарат сыртқы экономикалық қызметтің солтүстікқазақстандықтарға және ЕАЭО елдері арасындағы ішкі саудаға қатысатын бизнес-құрылымдарға түсініктеме ретінде жеткізіледі.

Барлық туындаған мәселелер бойынша мүдделі тұлғалар СҚО бойынша МКД Кедендік бақылау басқармасына 8(7152)46-55-93 телефоны бойынша хабарласа алады.   

 

СҚО бойынша МКД Кедендік бақылау бөлімінің басшысы

Д. Осипов