Жарияланған күні: 12.03.2019 10:32
Өзгертілген күні: 12.03.2019 10:34

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бағыттарының бірі.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың халықтың барлық топтарына және бизнеске қол жетімділігін қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ұсынылатын құжаттардың мерзімдері мен тізбесі қысқартылуда, қайталанатын рәсімдер алынып тасталады және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жүзеге асырылады.

Облыстың мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 36 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 23 салықтық және 13 кедендік бағыттағы қызмет.

Қазіргі уақытта 36 мемлекеттік қызметтің 22-сі немесе 61%-і автоматтандырылған. Бұл ретте электрондық қызметтердің үлес салмағы үнемі артып келеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша электрондық түрде 94% немесе 596 099 қызмет көрсетілді, бұл 2017 жылғы үлес салмағынан 3,4%-ке және 2016 жылғы деңгейден 5,6%-ке жоғары.

 «Салық есептілігін қабылдау» аса талап етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады - көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміндегі үлесі 39% немесе 250 856 қызмет көрсетілген. Бұл ретте салық есептілігін электрондық нысанда ұсыну үлесі - 99,8% құрады. Облыс халқы мен бизнес субъектілері осы электрондық қызметтің ең белсенді пайдаланушылары болып табылатындығын және осы көрсеткіш бойынша бір жыл ішінде біздің облыс Республиканың басқа өңірлерінің арасында көшбасшы болып табылатындығын атап өткен жөн.

 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы аса сұранысқа ие 17 мемлекеттік қызметті алуға болады.

2018 жылдың тамыз айынан бастап «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы барлық салықтар мен бюджетке төлемдерді авторизациялау және электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қою қажетінсіз онлайн төлеу мүмкіндігі пайда болды. Ал бұған дейін бұл рұқсат жеке тұлғалар үшін салықтардың тек үш түрін төлеу үшін болған: мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы.

Қызметтерді автоматтандыру бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдар арасында электрондық өзара іс-қимыл іске асырылды. Осылайша, мемлекеттік органдардың электрондық өзара іс-қимылы барысында алуға болатын қызметке өтініш білдірген кезде азаматтардың көптеген құжаттарды ұсыну қажеттілігі алынып тасталды.

2018 жылдан бастап электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою бойынша,  дербес шоттан көшірме беру бойынша - 1 жұмыс күніне дейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері барынша қысқартылды. Резиденттік сертификатын 10 күн ішінде алуға болады, бұрын 15 күн болған, бақылау-кассалық машинаны тіркеуге немесе есептен шығаруға – 3 күн, бұрын 5 күн болған, артық төленген салық сомасын қайтаруға – 10 жұмыс күні, бұрын 15 және т. б.

«Тауарларды кедендік тазарту» мемлекеттік қызметін алуды оңайлату ерекше маңызға ие. 2018 жылы «Астана – 1» ақпараттық жүйесін енгізу кедендік рәсімдерді жүргізуді оңайлатты, электрондық декларациялауға мүмкіндік берді, экспорт пен импорт үшін талап етілетін құжаттардың санын, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын қысқартты. 2018 жылы 9 007 кедендік декларация қабылданды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 505 декларацияға артық.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді оңайлату рәсімдерінің бірі қызметтерді ұсынудың эксаумақтылық қағидаты бойынша жүргізілетін пилоттық жоба, яғни салық төлеушінің тіркеу есебіне байлаусыз 12 қызмет түрін алу мүмкіндігі болып табылады.

Баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік кірістер органдарының 21 мемлекеттік қызмет түрін, оның ішінде 16 – салық және 5 - кеден бағытында алуға болады.

Мемлекеттік қызметті келу тәртібімен алуды қалайтын салық төлеушілер үшін облыстың 14 Қызмет көрсету орталығының әрқайсысында қолайлы жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажет жағдайлар ұйымдастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істейді, онда орнатылған 40 компьютер көмегімен электрондық салық есептілігін өз бетінше жіберу және қажетті электрондық қызмет көрсету сервистерін алу мүмкіндігі бар.

Кезекте күту және қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың уақытша шығындарын қысқарту мақсатында Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының орталығында және Петропавл қ. кедендік ресімдеу орталығында ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталығына қосылған кезекті басқарудың электрондық жүйелері жұмыс істейді. Осы жүйенің арнайы модулі келушілердің легін реттеуге, қызметкерлердің қолайсыз сервиске жол беруі жағдайларына жедел әрекет етуге, сондай-ақ есептерді қалыптастыруға және белгілі бір уақыт кезеңі үшін статистиканы көруге мүмкіндік береді. Бұл ретте әрбір көрсетілетін қызметті алушы өздеріне белгіленген планшеттерді пайдалана алады және алынған қызметтің сапасын бағалай алады.

Көрсетілетін қызметті берушілердің қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсынуын қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша анықтауға болады.

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың 2018 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырудың жалпы деңгейі бойынша жүргізілген облыстық әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері бойынша 16 мемлекеттік орган арасында рейтингтегі жоғарғы ұпай және 1 орын облыстың мемлекеттік кірістер органдарына тиесілі-5 мүмкін ұпайдан 4,22 ұпай.

Құрметті мемлекеттік кірістер органдарының қызметтерін пайдаланушылар, мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру және автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс оларды алу ыңғайлылығына бағытталған, әрі қарай электрондық өзара іс-қимылдың белсенділігін арттырады деп үміттенеміз.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Сіздің конституциялық құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 8 (715 2) 461006 телефоны бойынша немесе Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне 8 (715 2) 360162 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Т.Д. Қабдөшев – СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы