Жарияланған күні: 16.04.2019 18:26
Өзгертілген күні: 17.04.2019 09:57

Лауазымды тұлғаның кедендік декларацияны толтыруы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «АСТАНА-1» кедендік әкімшілік ету ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу туралы жұртшылықты ақпараттандыруды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлт жоспары 100 нақты  қадамның –38 қадамын орындау үшін енгізетін аталған жүйе қазірдің өзінде сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру саласындағы серпіліске айналды.

2017 жылғы қазаннан бастап 2018 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасында барлық кедендік рәсімдер бойынша электрондық декларациялау тәжірибелік пайдалануға кезең-кезеңмен енгізілді. Қазіргі уақытта жүйені енгізудің үшінші кезеңі – "Бірыңғай терезе" қағидаты бойынша экспорт және импорт кезінде барлық мемлекеттік бақылаушы органдардың операцияларды жүзеге асыруы аяқталуда.

«АСТАНА-1» жүйесі көптеген артықшылықтарға ие, олардың ішінде кедендік ресімдеу үшін құжаттар санын қысқарту, берілетін кедендік декларацияларды өңдеу уақытына ыңғайды өзгерту, тауарларға арналған декларацияны автоматты түрде шығару, қашықтан қол жеткізу, тегін пайдалану, ТБЖ (тәуекелдерді басқару жүйесі) жұмысын автоматтандыру және т.б..

Кеден органының лауазымды тұлғасының кедендік декларацияны толтыру мүмкіндігі СЭҚ қатысушыларының әлі бағаламаған артықшылықтарының бірі болып табылады.

«ҚР кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 191-бабымен кеден органының лауазымды тұлғасының транзиттік декларацияны,  жолаушылардың кедендік декларациясын, көлік құралына декларацияны, сондай-ақ  экспортты кедендік рәсімдеуге тауарларды тасымалдауға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде тауарларға арналған декларацияны толтыруға рұқсат етіледі.

«Петропавл-кедендік ресімдеу орталығы», «Тайынша» және «Жаңа Есіл» кеден бекеттерінде, сондай-ақ СҚО бойынша МКД қызмет аймағында жұмыс істейтін кедендік операцияларды жасау орындарында осы нормативтік ережені іске асыру үшін қажетті барлық ресурстар бар. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға осы норманың артықшылықтарын пайдалануды ұсынамыз.

 

СҚО облысы бойынша кедендік бақылау басқармасы