Жарияланған күні: 23.06.2017 09:42
Өзгертілген күні: 23.06.2017 09:44

Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы қойған тапсырмаларының бірі – Қазақстан үшін  тиімді, қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасау.

          Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру – «Бес институционалдық реформалардың» бірінші бағыты.

         Нарықтық экономиканы дамытудың «білігі», соның ішінде кәсіпкерлік ортаның тұрақтануы мен дамуының, мемлекеттік қазынаның кіріс және шығыс жақтарын құрудағы қызмет бұл мемлекеттік кірістер органдары.

          Мемлекеттік кірістер органдарын 2014 жылғы қайта құрулар нәтижесінде салықтық және кедендік қызметтер және де экономикалық тергеу қызметі қосылды. Оның негізгі  міндеті бюджет түсімдерінің толықтығы мен мерзімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру.

         Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің жұмысы негізінен мамандардың жоғары кәсіптілігімен анықталады, мемлекеттік бюджеттің толығуы, облыстың дамуы және маңызды әлеуметтік-экономикалық сұрақтардың шешілуі олардың біліктілігіне байланысты.

Мемлекеттік бюжет түсімдерін 2014 жылдан бері сараптағанда, біздің облыста түсімдердің белсенді өсу динамикасы көрінеді. Сонымен, егер 2015 жылы мемлекеттік бюджет түсімдері 2014 жылмен салыстырғанда 9% өссе немесе 4 847 млн.теңгеге, 2016 жылы өсім 2015 жылмен салыстырғанда 15% немесе 9 244 млн.теңгеге жоғарылады. Жалпы үш жылда түсімдер  14 091 млн.теңгеге немесе 26% жоғарылады.

    2017 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша білікті мемлекеттік бюджет түсімдері -  29 018,4 млн.теңгені құрады, жоспар 113,5 орындалды.

      Бюджеттің кіріс бөлімін толықтыру мақсатында салықтық және кедендік төлемдерге әкімшілік жүргізу жұмыстары атқарылуда, соның ішінде жергілікті атқару органдары, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе қимылдауда.

        Салықтық әкімшілік жүргізуді жақсарту,  «Электрондық мемлекет», «Бір терезе» принциптері мен тәсілдерін пайдалану, алдағы электрондық кедендік декларациялауды енгізу арқылы барлық меншік түрлерінің салық төлеушілерімен жұмыс істеудің цивилизациялы және бірдей жағдайлары жасалуда.

Қазіргі уақытта, «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы (әрі қарай – Мемкорпорация) мемлекеттік кірістер органдарының 26 мемлекеттік қызметі көрсетіледі, соның ішінде 2017 жылдан бастап кедендік қызметтің 5 түрін алу жүргізілді. 2016 жылы Мемкорпорация арқылы 283 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2017 жылдың 5 айында  – 21 мемлекеттік қызмет.

Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен кедендік қызметтің 19 түрі көрсетіледі, оның 9 автоматтандырылған, оларды «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады.

Штаттық құрылым саны 531 қызметкер, соның ішінде аудандар мен Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында - 281. Департамент құрылымына «Петропавл – Кедендік рәсімдеу орталығы», «Жаңа Есіл», «Тайынша» кедендік бекеттері кіреді.

Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тек жақсы жұмыс істеумен ғана емес, сондай-ақ белсенді өмір салтын ұстанады. Олар қалалық және облыстық жарыстарға, Спартакиадаларға: мини-футболдан, стол теннисінен, гір көтеру спортына, жүзуге, жеңіл атлетикаға, шахматқа, торға лақтыру және тоғыз құмалақтан, қатысып жүлделі орындарға ие болды.

         Біздің қызметкерлер Департамент ұйымдастырған мәдени-сауық шараларына белсенді ат салысады.

         Мемлекеттік кірістер органдарына  қойылған міндеттерді атқаруға барлық ресурстар бар – департаменттің материалдық-техникалық базасы, информациялық жүйелер және кәсіби ұжым, өсуге потенциалы бар және қойылған міндеттерді шешуге қабылетті.                  

         Әрбір мемлекеттік кірістер қызметкерін атай отырып, олардың жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін, қызметтік міндетін атқарудағы білгірлігін атап өткіміз келеді. Тиянақты, қызу еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіледі. 

        Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлерін және басқа облыстардағы әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз. Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, мемлекетіміздің гүлдене беру жолындағы кәсіптік қызметтеріңізге табыстар тілейміз!

 

 

                                                                                       СҚО  бойынша МКД