Жарияланған күні: 13.12.2018 15:29
Өзгертілген күні: 13.12.2018 15:44

     2018 жылғы 12 желтоқсанда сағат 10:00-ден 11:00 дейін Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Жұмабекұлы Ташмағамбетовтің ҚР  Қаржы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен кездесуі өтті.

     Тыңдаушылар ретінде Мемлекеттік кірістер департаменті,   Қазынашылық департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері қатысты.

     Дәріс мақсаты - Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру.

     Дәріс барысында мемлекеттік қызметшінің әдебі мен жүріс-тұрыс нормалары, мемлекеттік қызметшінің жұмыста және жұмыстан тыс уақытта мінез-құлық ережелері, жария сөз сөйлеу және БАҚ-пен қарым-қатынас ережелері түсіндірілді, өкілеттікті асыра пайдалану, адам құқықтарын құрметтеу және сыпайылық, сондай-ақ басшының әдебі және т. б. мәселелер қаралды.

     Дәріс аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ге дейін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін қабылдау, сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін - азаматтарды және заңды және жеке тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізілді.

 

     Күннің екінші жартысында ҚР ҚМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ СҚО аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі өкілдерімен кездесу өтті.

     Іс-шара жоспарланған бағдарлама шеңберінде жемісті өтті.

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті