Жарияланған күні: 04.04.2018 15:15
Өзгертілген күні: 04.04.2018 15:15

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден органдарының есепке алынуы кеден органында жүргізілетін және есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді  беру тәртiбi туралы келесіні хабарлайды.

          «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы»  кодексінің 107 бабына сәйкес кеден органы есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде мұндай мәліметтерді:

      1) әділет органына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2) төлеушіге, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес өздеріне өзге мерзім көзделген әділет органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және (немесе) өздеріне осындай мәліметтің ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұлғаларға – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.

      Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақта көрсетілген тұлғаларға ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады.

    «Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер туралы»  кодексінің 100 бабына сәйкес салық органы есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру туралы сұрау салу негізінде осындай мәліметтерді:

  1. әділет органдарына – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
  2. басқа мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында берілуі көзделген тұлғаларға, салық төлеушіге – сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға беру электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастырылады.

Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде есебі салық органында жүргізілетін берешектің осындай тұлғаларда жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған  кезде беріледі.

            Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы есеп және дербес шоттар жүргізу бөліміне, 8(7152)46-41-59 телефон төлеушілер кеден органдарының есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді  алуға қатысты консультацияны ала алады.

 

 

СҚО бойынша МКД

 мемлекеттік қызмет басқармасы