Жарияланған күні: 16.03.2018 09:19
Өзгертілген күні: 16.03.2018 09:20

Петропавл қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және тәртіп нормалары» тақырыбында техсабақтар өткізілді.

     Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп бойынша уәкілеті Қ. С. Шәкенова «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және тәртіп нормалары» нұсқаулығының негізгі аспектілерімен таныстырып өтті және  мемлекеттік қызметшінің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта жасайтын қылықтарының негізгі қағидалары қаралды, сонымен қатар қатысып отырғандардың назарына практикада ең көп таралған мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз жүріс-тұрысы келтірілген ситуациялық мәселелерге көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, Қ. С. Шәкенова барлық қатысушылардың назарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне (бұдан әрі – Әдеп кодексі) (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятынын жеткізді.

Әдеп кодексінің 5-тармағының 13-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасалуына жол бермеуі тиіс, олар үшін заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Сондай-ақ, қызметкерлерге Pocketbook (қалта әдеп кодексі) туралы ақпарат жеткізілді. Бұл мемл. қызметшілерге өз кезегінде этикалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда басшылыққа алу құралы. Бұл мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан тыс уақыттағы тәртібі, өзін әлеуметтік желілерде қызметтік қарым-қатынастарда дұрыс позициялау, БАҚ-та және көпшілік алдында сөйлеу, мүдделердің қарама-қайшылығымен  байланысты әр түрлі жағдайларда ұстау мәселелері. Жаднамадағы барлық ұсыныстар ыңғайлы және қолжетімді болу үшін оңайлатылған нысанда баяндалған.

Сондай-ақ, қоғам тарапынан сын тудыратын мемлекеттік қызметшіні әлеуметтік желілерде әшкерелейтін фотосуреттерді орналастыруға жол бермеуге қызметкерлерге көңіл бөлінді.

Этикалық кодекстің бұзылуына жол бермеу мақсатында, қызметкерлерге соңғы 2 жылда тәртіптік тәжірибеден нақты мысалдар   келтірілді.