Жарияланған күні: 18.09.2018 15:47
Өзгертілген күні: 18.09.2018 15:49

Сапалы жұмыспен қамту және әділ әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі – бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың " Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» "(бұдан әрі-Жолдау) Жолдаудың мәселелерінің бірі. «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор. Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет. Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді...Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет», - деп атап өтті өз Жолдауында мемлекет басшысы.

            Бүгінгі күні,Еңбек кодексімен,еңбек кепілі мен жұмысшылардың құқығы жеке, ұжымдық еңбек келісімшарттары, жұмыспен қамтушының келісімі және актілері арқылы бекітілген. Жұмыспен қамтушылар үшін- жалдау, кадрлық орын ауыстыру, жұмыстан босату процедуралары оңайлатылған, сол сияқты жұмысшылардың еңбек жағдайы мен төлем процедуралары да оңайлатылған.               

           Бірақ, қазірдің өзінде, осы заманғы жағдайларда еңбекке ақы төлеудің ресми емес әртүрлі тәсілдері бар.

         «Ресми емес жалақы» түсінігі  ресми құжаттарда, нормативті-құқықтық актілерде жоқ пен тең. Заңмен тек «еңбекке ақы төлеу» түсінігі ғана мойындалған.

            Солай, Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекке ақы төлеу – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі (ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 20-тармақшасы).

            Дәл осы еңбекақы кез келген кәсіпорын немесе жеке кәсіпкердің (бұдан әрі-ЖК) ресми қаржылық және бухгалтерлік есебінде көрініс алған. Әр жұмысшымен еңбек келісішартын жасаған кезде, толығымен осы ақ еңбекақыны төлеу шарттары жазылады. Еңбек келісімшартын жасау арқылы, жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер алады, оларға кіреді: 

      1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін;

      2) сағаттық жалақының ең төмен мөлшерін;

      3) үстеме жұмысқа ақы төлеуді;

      4) мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеуді;

      5) түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеуді;

      6) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалудың мөлшерін шектеуді;

      7) жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

Есептелген айсайынғы еңбек ақысынан жұмыспен қамтушы, Зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына аударады, бюджетке жеке кіріс салығын ұстап және оны аударады.

     Одан басқа, заң жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндеттейді.

     Осылайша, ресми емес жалақыға келісе отырып, жұмыскер қазіргі кезде де және болашақта да қорғалмаған болып шығады. Халықты жалпыға бірдей декларациялауға көшкен кезде, жұмыспен қамтушыларға да, жұмыскерлерге де, жылжитын және жылжымайтын мүлікті немесе есептелмеген кірістен алынған қаражатты декларациялау өте қиын болады.

           Барлық азаматтарға айтарымыз, «ресми емес» жалақы алуға келіспеңіз; еңбек шартын жасаңыздар, ресми еңбек ақы мен мемлекеттің кепілдігін алыңыздар!Адал салық төлеуші болыңыздар, сол кезде сіздерге мемлекет қартайған шағыңызда қамтамасыз етілген өміріңіздің кепілі болмақ!

 

 

                                                                                                         СҚО бойынша МКД
                                                                                                         бас маманы      Қабдөшева Ж.