Жарияланған күні: 17.04.2018 18:03
Өзгертілген күні: 17.04.2018 18:04

      2018 жылғы 16 мамырдан  Солтүстік қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен «Әдеп Кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында техсабақтар жүргізілді.          

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп бойынша уәкілі Қ.С. Шәкенова мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері жөніндегі  Агенттік Төрағасымен бекітілген, 2018 жылға  мемлекеттік қызметте әдептілік  деңгейін арттыру жөніндегі кешенді жоспарындың негізгі бағыттарымен таныстырды, ол мемлекеттік қызметкерлерді жұмыс уақытынан тыс мезгілде үстеме жұмысқа тарту кезінде еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің демалыс және тиісті төлемдерді берген кезде еңбек құқықтарының сақталуы, сондай-ақ қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауға уақтылы жіберу, мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету мониторингісі. Барлық өткізіліп жатқан іс-шаралар, ең алдымен, еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.

Әдеп кодексін бұзушылыққа жол бермеу мақсатында Департаменттің барлық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі бойынша  ұсыныстармен "Покетбук" қалта кітапшалары жеткізілгеніне тағы бір рет назар аударылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде байланстарды азайту мақсатында қазіргі уақытта қызметтердің спектрі кеңейтіліп, оларды "Электрондық үкімет" порталы арқылы алуға болады, осыған байланысты біздің Департаменттің барлық қызметкерлері қажетті қызметті осы портал арқылы алуға тиісті.

         Қ. С. Шакенова қатысушыларға әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің беделін түсіретін бейне және фотоларды (қоғам тарапынан сын тудыратын өрескел қылықтар) орналастыруға жол бермеу туралы   тағы бір рет еске салды

         Сондай-ақ, адам ресурстар басқармасының қызметкері А.Жолмухановпен Президентінің 23.12.2014 ж. № 986 Қаулысымен бекітілген 2015 – 2025 жж. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы айтылды.

         сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды  және Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу мақсатында, Департаменттің қызметкерлеріне ұсталған қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлық және әдеп кодексін бұзу фактілері бойынша арнайы бейнероликтер көрсетілді.