Жарияланған күні: 18.09.2018 14:43
Өзгертілген күні: 18.09.2018 14:44

2018 жылғы 14 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  қызметкерлерімен «Әдеп Кодексі нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында техникалық сабақ өткізілді.

         Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С. Шәкенова өз баяндамасында мемлекеттік қызметкерлердің қызметтен тыс уақытта, әріптестер арасындағы қызметтік қатынастарда және сол сияқты басшылар мен бағыныштылар арасындағы қатынастарда мінез-құлықтың негізгі стандарттарын атап өтті.

         Департаменттің қызметкерлері арасында өткізілген жасырын сауалнаманың нәтижелері жарияланды, осыған байланысты басқарма және бөлім басшыларының назары ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды құруға бағытталды.

         Əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заңнама нормаларын сақтау жəне құқық бұзушылықтарға жол бермеу əр мемлекеттік қызметшінің міндеті болып табылады. МКД бұзушылықтардың алдын-алу және ескерту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі. Алайда, осыған қарамастан қызметкерлермен «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңын және «Әдеп Кодексін» бұзуға жол беріледі.

 

         Сөйтіп, 2018 жылдың 8 айында әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін 4 әкімшілік қызметкер жауапкершілікке тартылды, бөлім қызметкерлерін қорлау, қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік қызметшінің сырт әлпетін сақтамау, мүліктік зиян келтіру, көлік құралдарын мас болу жағдайында жүргізу үшін.

         Қызметкерлердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы орын алды (жылдамдықты арттыру, белгіленбеген орындарда тоқтау және тұру, мас болу жағдайында жүргізу). Барлық осы бұзушылықтарды қызметкерлер әдейі жасайды.

       Жоғарыда айтылғандардың барлығы ұжымдағы тәртіптің әлсіздігі және басшы мен орынбасарлардың жағынан алдын-алу жұмыстары мен бақылаудың жоқтығын көрсетеді.

         Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін, немесе әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті бұзушылық жасаған қызметкерлер, сол сияқты басшылар да көтереді.

Кеңес барысында қызметтік тергеу бөлімінің басшысы С.Ш. Сәдуақасов Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жіберген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері келтірілді: Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы оң шешім қабылдау және оған патент беруді жеделдету үшін пара алу), Атырау қаласы МКБ (анықталған салықтық бұзушылықтарды көрсетпеуі және кәсіпкерлік қызметті заңсыз тоқтату үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалау арқылы жүйелі түрде пара алу бойынша шенеунік күдік келтіреді), сондай-ақ Алмалы мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкеріне алаяқтық әрекеттер мен пара алғаны үшін нақты мерзімге үкім шығару фактісі келтірілді.

Қызметкерлердің назары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмауға және Департамент қызметкерлері арасында үздіксіз профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ерекше көңіл аударылды.