Жарияланған күні: 25.07.2017 11:37
Өзгертілген күні: 25.07.2017 12:09

       Кей кезде  салық төлеуші қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті көлемнен артық бірнеше көп көлемде өзінің міндетін орындайды.   Салықтың, алымдардың немесе өсімпұлдардың  артық  төлемі әр түрлі себептер бойынша болуы мүмкін, олардың  аса таратылған түрлері- есеп-қисаптарды,  декларацияларды құрғанда есеп-қисап қателері,  салық ставкасын дұрыс қолданбау (алымдарды, төлемдерді), сол немесе басқа салық кодына қате төлем не төлем  және т.б. болып табылады.    

       Салық, міндетті төлемдердің артық төлемі жөнінде салық заңнамасы салық төлеушінің мүлік құқығын қалыптастырудың екі түрін қарастырады:  есепке алу және артық төлемдерді  немесе артық өндіріп алынған сомаларды  кері қайтару.   

       Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу және кері қайтаруын жүргізу мемлекеттік қызметтің бір  түрі болып табылады.    

     Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес      артық және (немесе) қате төленген салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу және  кері қайтару салық төлеушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі: 

-кеңсе, мемлекеттік кірістер органының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымша арқылы;    

-«ХҚКО» арқылы;  

-«Электронды Үкімет» веб-порталы   www.egov.kz. арқылы 

       Салық кодексінің нормаларына сәйкес артық төленген сома:   

 – өзге салықтар бойынша бересін өтеу  есебіне жатқызылуы мүмкін;  

  – осы неме өзге салықтар бойынша  өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне жатқызылуы мүмкін;  

  – осы неме өзге салықтар бойынша   алдағы төлемдер есебіне жатқызылуы мүмкін;  

– салық төлеушіге қайтарылуы мүмкін.  

       Яғни, Салық кодексінің 599 бабына сәйкес артық төленген салық, төлемақы, алым сомасы міндетті есепке       мынадай тәртiппен жатады:
      1) өтеу есебіне- салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз:
       салық, төлемақы, алым бойынша бересі;

 осы түрi бойынша бересiнi;
      салықтың,алымның, төлемақының осы түрi бойынша айыппұл, өсімпұл;               2)  есепке алуға салық өтініші бойынша-  есепке;

салық, төлем, алымның осы түрі бойынша өсімпұлдар, айыппұлдар. 

   
      салық төлеушiнiң есепке жатқызуға салықтық өтiнiшiнде көрсеткен салықтың, төлемақының түрi бойынша бересiнi;
      салық төлеушiнiң есепке жатқызуға салықтық өтiнiшiнде көрсеткен салықтың, төлемақының түрi бойынша өсiмпұлды;
      салық төлеушiнiң есепке жатқызуға салықтық өтiнiшiнде көрсеткен салықтың, төлемақының түрi бойынша айыппұлды;
      егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң есепке жатқызуға салықтық өтiнiшiнде көрсеткен салықтың, төлемақының түрi бойынша алдағы төлемдердi өтеу есебiне есепке жатқызылады.

       Келесі   мемлекетітк қызметтерді көрсету мерзімдері:   

Артық төленген сомасына есепке жатқызу, қате төленген соманы есепке алу, кері қайтару- 10 жұмыс күні;  

Артық төленген соманы кері қайтару  -15  жұмыс күні;

Көрсетілген қызмет нәтижелері   

Артық төленген соманы есепке  алу;  

 Тиісті бюджеттік жіктеу кодына  және (немесе) салық органына  қате төленген соманы есепке алу;  

Артық төленген соманы, сондай-ақ салық төлеушінің банк шотына қате төленген соманы  кері қайтару;  

Салық төлеушінің банк шотына заңсыз салынған айыппұлдың төленген  сомасын  кері қайтару; 

Қатені растамағаны туралы  жазбаша хабарлама;  

Салық төлеушіге және (немесе) мемлекеттік мекемеге сот шешімін  орындағаны туралы хабарлама;  

Қызмет көрсетуден бас тарту  туралы дәлелді жауап. 

        Сол себептен, Салық кодексі  салық органдары  әрекеттерінің кезегін нақты белгілейді.  Бірінші кезекте өзге салық, алым және өсімпұлдар бойынша  бересі  өтелуі қажет.   Тек осыдан кейін ғана салық органы салықты қайтара алады  немесе алдағы төлемдер есебіне жатқыза алады.  Бұл жерде салық төлеуші  өзіне қолайлы түрді немесе есепті таңдайды.    

СҚО бойынша МКД

Түсіндіру жұмыс басқармасы