Жарияланған күні: 20.03.2018 12:20
Өзгертілген күні: 20.03.2018 12:26

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлшек саудада іске асырушылардың назарына, Егемен Қазақстан газетінде 2018 ж. 16 наурызда ҚР Үкіметінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы 2018 ж. 14 наурыздағы №122 қаулысы басылып шығарылғанын жеткізеді. «Этил спиртінің және алкоголь өнімдерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 ж. 16 шілдедегі ҚР заңының 3-1 б. 5-1) т. сәйкес, 2018 жылға араққа және ерекше арақ, мықты арақ-шарап бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағасы литр үшін 1900 теңге мөлшерде белгіленді.

 

 

СҚО бойынша МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманыӘ.Қ.Елеусізов