Жарияланған күні: 08.08.2019 13:00
Өзгертілген күні: 08.08.2019 14:32

Қазақстанда 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап Мемлекет басшысы 4 шілдеде қол қойған, жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді қарастыратын заң күшіне енді. 13 тамыздан бастап өсімақы сомасын Есептен шығару ережелері қолданысқа енгізіледі.

Есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша осы акцияны кез келген қазақстандық ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалана алады, оның ішінде жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын тұлғалар, яғни жеке тұлғалар,

          Қазіргі уақытта 21 мыңнан астам солтүстік қазақстандық 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша берешегі бар. Берешек сомасы 449,2 млн. теңгені құрайды, оның ішінде негізгі берешек 340,9 млн.теңге және өсім 108,3 млн. теңге. Бюджетке берешектердің басым бөлігі - 416,8 млн. теңге сомасында көлік салығын уақтылы төлемеген автокөлік иелері, бұл жеке тұлғалардың қарыздарының жалпы сомасының 92,8% құрайды.

          Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуші болып табылады. 

          Мемлекеттік кірістер органдары күн сайын жеке тұлғалардың жеке шоттарына мониторинг жүргізеді және олар негізгі борышты төлеген кезде 3 жұмыс күні ішінде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады. Бұл ретте, салық төлеушілерге бір жерге бару қажеттілігі жоқ.

Егер жеке тұлға ағымдағы жыл ішінде өткен жылы негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсімақы сомасы қайтарылуға не алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға тиіс. Қайтару үшін мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру қажет.

Өз қарызы туралы ҚР ҚМ МКК www.kgd.gov.kz «Салық берешегінің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер»  интернет-ресурста білуге болады.

Қызметке белсенді сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы СҚО бойынша МКД