Жарияланған күні: 14.08.2019 12:48
Өзгертілген күні: 15.08.2019 10:32

2019 жылғы 13 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Дәстемұлы Қабдөшевтің қатысуымен «QYZYLJAR» телеарнасында «Из первых уст» бағдарламасында тікелей эфир өтті.

          «2019 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін Департамент жұмысының нәтижелері туралы, сондай-ақ салық департаменті мен кедендік бақылау департаменті мен қаржы полициясы бөлімін біріктіру жолымен Департаменттің құрылғанына 5 жыл», - деп бағдарлама әңгімесінің тақырыбы осылай белгіленді.

          Өткізілген кездесуде Департамент басшысы Т. Қабдөшев жаңа орган құру кезінде қойылған ауқымды міндеттер мен мемлекеттік кірістер жұмысының 5 жылдағы жетістіктері туралы, соның ішінде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бюджеттің орындалуы туралы, сондай-ақ салық және кедендік әкімшілендіру мен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қорытындылары туралы айтып өтті.

 «Кедендік әкімшілендіруді жетілдіруде электронды декларациялауды енгізу өзекті болып табылады.

        2016 жылдың маусымына қарай АСТАНА-1 бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және орнату жүзеге асырылды. Бірінші кезең 2017 жылдың 1 қазанынан бастап «Кедендік транзит» кіші жүйесін енгізу болды, екінші кезең «Экспорт» кедендік процедурасы бойынша «Кедендік декларациялау» компоненттерін тәжірибелік пайдалану болды. 2018 жылдың сәуірінен бастап барлық кедендік рәсімдер бойынша электрондық декларациялау енгізілді. Сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушылары жүйенің мүмкіндіктеріне жоғары баға берді. Жүйені енгізудің артықшылықтары: оnline кедендік ақпаратқа қол жеткізу; тауарларды автоматты түрде шығару; баждар мен алымдарды автоматты түрде есептеу, ЕАЭО мүше - елдердің кеден қызметтерімен және басқа да елдермен онлайн мәліметтер алмасу.

Өңірдің бағыттылығы Департаменттің кеден бекеттері жұмысының ерекшелігіне негізделеді. Дәнді дақылдарды өсіру және экспорттау Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында орналасқан «Петропавл-кедендік ресімдеу орталығы», «Жаңа Есіл», «Тайынша» кеден бекеттері дәнді және майлы дақылдардың, сондай-ақ олардың туындыларының Иранға, Ауғанстанға, Түркияға, Кипр елдеріне, ЕО елдеріне, Грузияға, Украинаға, Тәжікстанға, Әзірбайжанға, Өзбекстанға экспортын ресімдеуге маманданады. Соңғы бес жылда дәнді дақылдардың экспорты 1,6 есеге артты.

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, астық өңдеуге арналған жабдықтардың және өсімдік шаруашылығына арналған химикаттардың импорты Қытайдан, Түркиядан, Италиядан келеді.

           Өздеріңіз білетіндей, жария ету бойынша 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін акция сәтті өтті, ол жеке тұлғаларға өз мүлкін, соның ішінде шетелде тұратын мүлікті заңдастыруға және жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге дайын болуға мүмкіндік берді. 13,1 млрд. теңгеге ақшалай қаражат жария етілді, шетелде орналасқан 18 жылжымайтын мүлік объектісі және ҚР аумағында орналасқан 1639 жылжымайтын мүлік объектісі декларацияланды. Декларацияланған мүліктің жалпы сомасы, оның ішінде шетелде орналасқан 4,6 млрд. теңге.»

           Бұдан әрі Департамент басшысы жүйе кешеніне кіретін «Тауарларды таңбалау», «Виртуалды қойма» модулімен «Электрондық шот-фактуралар», және деректерді беру функциясы бар БКМ жаппай енгізу сияқты басқа да ақпараттық жүйелер туралы хабардар етті, сондай-ақ бюджетті толықтыру қорытындылары, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, бизнес үшін ынталандырушы шаралар туралы айтты.

 «Салық-бұл еліміздегі әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Жыл сайын төлемдер мен салықтардың өсуі байқалады. Егер 2014 жылы мемлекеттік бюджетке 50 млрд.теңгеден астам түссе, 2018 жылы мемлекеттік бюджетке 78,6 млрд. теңге түсті.

2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 38,9 млрд. теңге болжаммен мемлекеттік бюджетке 42,1 млрд.теңге сомасында салықтар мен төлемдердің түсуі қамтамасыз етілді, бұл 108,4% құрайды. Бұл ретте абсолюттік сомасы т 1,6 млрд. теңге өсу қарқыны қамтамасыз етілді».

Сұхбат соңында Төлеген Дәстемұлы барлық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, табандылық пен шыдамдылық, өзінің кәсіби қызметін жетілдіру, өз алдына қойылған міндеттерді орындау, олардың отбасыларына бейбіт аспан, мықты денсаулық және гүлдену тіледі. Сондай-ақ, салық және кеден қызметінің ардагерлеріне зор алғыс білдірді, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі қалыптасатын қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен адалдығын атап өтті.

http://petropavltv.kz/ru/archive/programs/programs_social/suhbat_sko/999616                                                                                    

СҚО бойынша МКД