Жарияланған күні: 09.07.2018 18:37
Өзгертілген күні: 09.07.2018 18:38

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің этика жөніндегі өкілетті қызметкері- Қ.С. Шәкенова және Адам ресурстары басқармасы басшысының м.а.- С.Ш. Сәдуәқасовпен, 1. «ар-әдеп кодексін сақтау мәселелері», 2.«жемқорлыққа қарсы әрекет», 3. «Салықтық құпияларды сақтау», 4. «жұмыс тәртібі» атты тақырыптар бойынша басқарма қызметкерлерімен техникалық оқыту өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің этика жөніндегі өкілетті қызметкері- Қ.С. Шәкенова, ар-әдеп кодексінің негізгі аспектілерімен таныстырды және мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақытында және жұмыс уақытынан кейін өзін ұстау ережелеріне назар аударды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде, халықтың сынға ұшырауына жататын, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін фотоларды жариялауды болдырмауға қызметкерлердің назарын аударды.

Қызметкерлерге, ар-әдеп кодексін бұзуды алдын алу мақсатында, соңғы екі жылда болған тәртіптік тәжірибеден нақты мысалдар келтірілді.

Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы, салық құпиялығын және еңбек тәртібін сақтау сұрақтары бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы басшысының м.а.- С.Ш. Сәдуәқасов сөз сөйледі, сондай- ақ  қызметкерлерге жоғарыда берілген тақырыптарға бейне клип ұсынылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде негізгі бағыттын ескерту шараларына жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы шараның бір түрі, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана- сезімін тәрбиелеу- парақорлық лауазымды шенеуніктерді шектеу болып табылады.

Парақорлықты анықтау және жолын кесу де басты бағыттардың бірі болып қалады.

Жүргізілген техникалық оқудың қорытындысы бойынша қызметкерлерге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтар мен қылмыстарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің ар-әдеп кодексін және еңбек заңнамасын сақтау туралы нұсқаулар берілді.