Жарияланған күні: 15.03.2018 17:35
Өзгертілген күні: 15.03.2018 17:36

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлкеттік кірістер Департаментінің басшысы Данияр Еренғалиұлы Жаналинов облыстың коммуникациялар қызметінде 2017 жылғы жұмысының қорытындысы туралы брифинг өткізді.

Мемлекеттік кіріс органдарының тиімді қызметі көрсеткіштерінің бірі салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер түсімінің өсу қарқынын қамтамасыз ету болып табылады. Бюджетке түсетін түсімдерден біздің еліміздегі экономикалық өсу мен әлеуметтік реформаларды іске асыруға арналған шығыстар көлемі байланысты.

          Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлкеттік кірістер Департаментімен 2017 жылғы жоспар-болжам орындалды, жиналған салықтар мен төлемдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,1 млрд. теңгеге артық, өсу қарқыны 112,6% құрады.

          Департамент басшысы сондай-ақ жүргізіліп жатқан бақылау-экономикалық жұмыс туралы, камералдық бақылау нәтижелері жайлы айтты.

          2017 жылы МКД ЭТҚ –і өндірісінде 157 қылмыстық іс болған,  өндірісі аяқталғаны 135, оның ішінде сотқа жіберілгені 68 іс және 67 қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды.

          Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген зиян сомасы 1,6 млрд. теңгені құрады, өтелгені 127,7 млн. теңге, қамалған мүлік сомасы – 1,6 млрд. теңге, қамауға алынған мүлік үлесімен  қосқанда барлық өтелуі – 106,2% құрайды.   

          2017 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 24% құрады және 2017 жылы 400 млн. ақш долл. астам болды. Облыстың сыртқы сауда айналымының үлесіне 81 % экспорт, импорт үлесі - 19%.

          Пост-кедендік бақылау нәтижелері бойынша 2017 жылы 11 тексерулер өткізілді, олар бойынша қосымша 129,2 млн. теңге есептеліп, 112,4 млн. теңге өндіріліп алынды.

          Мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық міндеттерінің бірі салық және кедендік қызметтер көрсету сапасын арттыру болып табылады.        Автоматтандыру нәтижесінде 32 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, 2017 жылы  қызмет көрсетудің 90,6%, немесе 514 371 қызмет электронды түрде көрсетілді, бұл 2016 жылы деңгейінен 2,2% - ға жоғары.

          2018 жылдан бастап бойынша электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою, жеке шоттан үзінді беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері барынша азайтылған – бір жұмыс күніне дейін. Артық (қате) төленген салықтарды қайтару 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады бұрын - 15 жұмыс күні.

          Сондай-ақ ол Департаменттің кедендік ресімдеу уақытының ұзақтығы бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие екендігін атап өтті.

          2017 ж. 1 қазаннан «Транзит" процедурасы бойынша "АСТАНА-1" АЖ тәжірибелік пайдалану басталды. 309 бақылау құжаттарды жеткізу ресімделді. 2018 ж. 1 қаңтардан "Экспорт"процедурасы бойынша осы АЖ тәжірибелік пайдалануға енгізу басталды.

          2018 жылғы 1 сәуірден бастап "АСТАНА-1" АЖ-не кедендік декларациялау бойынша қалған кедендік рәсімдеулерді енгізу жоспарланып отыр.

          2017 жылғы облыстық әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша,  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Агенттігінің Департаменті жәрдемімен СҚО ішкі саясат Басқармасының тапсырысы бойынша "Демеу" ЖҒК жүргізілген, " ең үлкен қанағаттану индексі мемлекеттік кірістер органдарының  мемлекеттік қызметтері бойынша қалыптасты.

          Барлық қатысушылар үшін сенім телефонының нөмірі жария етілді - 8 (7152) 46-33-29, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл нөмір бойынша  экономика және қаржы саласындағы заңға қарсы істер мен бұзушылықтар, және де мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы кез келген хабарламалар қабылданады.

          Спикер журналистердің сұрақтарына жауап берді және бұқаралық ақпарат қызметкерлеріне мемлекеттік кірістер органдары қызметін жариялауға ат салысқандары үшін алғыс білдірді.