Жарияланған күні: 15.01.2018 18:25
Өзгертілген күні: 15.01.2018 18:26

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 ж. 1 тоқсаны үшін ағымдағы 20 қаңтардан кешіктірмей корпоративтік табыс салығы бойынша (бұдан әрі - КТС) аванстық төлемдер сомаларының есебін ұсыну мерзімінің жақындағаның салық төлеушілердің назарына жеткізеді.

  Салық кодексінің 305-б. 2-т. сәйкес келетін келесі салық төлеушілер салықтық міндеттемелерді орындамайды екенін хабарлаймыз:

       1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;

      2) жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;

      3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;

      4) Салық Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер;

      5) Салық Кодекстiң 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер;

       6) Салық Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;

      7) Салық Кодекстің 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.

Салық кодексінің 305 б. 2 т. әрекетіне келмейтін салық төлеушілер, КТС қайыруға дейін және кейін аванстық төлемдердің сомалары есебін ұсынуға міндетті.

       Сонымен бірге, аванстық төлемдердің сомасы:

- декларацияға дейін,   алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады)

 ( АП 2018 ж. = (1/4*АП 2017 ж.)*20%).

       Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы.