Жарияланған күні: 04.08.2017 16:37
Өзгертілген күні: 04.08.2017 16:39

Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті   2017 жылғы 15 тамызда салық есептілігінің  ұсыну  мерзімі өтетінін, назарға салады:  

  •  200.00. нысан -  2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық   декларациясы; 
  • 910.00. нысан -  2017 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша  шағын бизнеске арналған оңайтылған декларация;
  • 300.00. нысан - 2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша   қосылған құн салық  декларациясы;
  • 400.00.нысан - 2017 жылғы  мамыр айы  қорытындысы  бойынша акциз  декларациясы ;
  • 421.00. нысан-  2017 жылғы  мамыр айы  қорытындысы  бойынша құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі;   
  • 570.00. нысан - 2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша   экспортқа ренттік салық   декларациясы ; 
  • 590.00  нысан - 2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша  пайдалы қазбаларды өндiру салығы  бойынша декларация
  • 710.00. нысан - 2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша   тіркелген салық және ойын бизнесіне салық   декларациясы;  
  • 860.00. нысан - 2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша   жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем  декларациясы;  
  • 870.00. нысан - 2017 жылғы  2 тоқсан  қорытындысы  бойынша   қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем  декларациясы;  

     Атап өту керек, Қазақстан Республикасының салық кодексінің  71-б. сәйкес          салық есептілігі  электрондық түрде тапсырылған жағдайда, салық органы салық төлеушінің өтініші арқылы салық есептілігін  ұсыну  мерзімін    ұзарта алады.  

              Қосымша ретіңде хабарлаймыз,   2017 жылғы салық есептілігің толтыру ережелері ҚР ҚМ МКК  www.kgd.gov.kz сайтында заңнама- салық есеп нысаны бөлігіңде орналастырылған.