Жарияланған күні: 24.03.2017 10:44
Өзгертілген күні: 24.03.2017 10:50

Бүгінгі күн міндеттері, жұмыстың негізгі  бағыттары және қандай нәтижелер жеткізілгені туралы Данияр Еренғалиұлы Жанәлінов  баяндаған,  «2016 жылға департамент жұмысының қорытындысы  туралы» бағдарламаның  тақырыбы айқындалды. Департаменттің негізгі міндеті-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету».

       «  Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2016 жылы  69  млрд.  теңгеден аса мемлекеттік бюджетке түсімдер қамтамасыз етілді.  Соңғы үш жылға жүргізілген төлемдер мен салық түсімдерінің талдауы -түсімдер өсімінің белсенді  динамикасын көрсетті.   

       Яғни,  егер 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 9%  -ға немесе  4 млрд.теңгеге артса, онда  2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы  15%-ға немесе    9 млрд.теңгеге артты.

       Тұтасымен алғанда, үш жылға 14  млрд.теңгеге немесе    26%-ға түсімдердің өсімі қамтамасыз етілді.  Оң динамика ағымдағы жылда да сақталатынын болжауға  барлық негіздер бар. Мысалға, 2015 жылы облыс меншігі қаражатының есебінен жалпы алаңы 14,9 мың шаршы метр мұз  аренасы   және  жеңіл атлетика манежімен Спорт сарайы салынды. 2016 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына 6 млрд. теңгеден аса қаражат жұмсалды, осы қаражат  есебінен жолдарды қайта салу, жөндеу ұстау жүргізілуде, апатты жағдайдағы мектептердің    мәселесі  шешілуде, мектепке  дейінгі балалар мекемелерінде     орындардың жетіспеушілігі қысқартылуда және т.б.  Бұдан әрі Данияр   Жанәлінов  салық және бюджетке түсетін басқа да  міндетті төлемдерді әкімшілендіру бойынша жүргізілетін жұмыс туралы айтты.  Бұл - бюджетке түсетін түсімдерді арттыру үшін  қосымша резервтерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни, бұл жұмыс- «көлеңкелі» экономиканы және т.б. азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау, камералдық бақылау, берешекті өндіріп алу, жалған кәсіпорындардың контрагенттерімен жұмыс.

Камералдық бақылау шеңберінде жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша қосымша  1 969,0 млн. теңге  өндіріп алынды, бұл 2015ж. салыстырғанда 36% -ға  немесе  520,1 млн. теңгеге артық (2015ж.-1 449 млн.теңге).  2016 жылға 2 969 салық тексерісі аяқталды, 5 млрд. теңге қоса есептелді, 0,4 млрд. теңге өндіріп алынды, 3 млрд. теңгеге шығын азайды.   

Департаменттің Экономикалық тергеу  қызметімен жалған кәсіпкерлік фактілердің алдын-алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.   Аяқталған   қылмыстық істер бойынша  келтірілген  зиян сомасы 618 млн.теңгені,  өндіріп алынған сома - 388 млн. теңге  немесе  62% құрды.   Кедендік әкімшілендіру шеңберінде тауардың кедендік құнын бақылау, СЭҚ ТН сәйкес тауардың жіктелуінің дұрысытығын, тыйым салулар мен шектеулер, кедендік-тарифтік реттеу шараларын сақтау  бойынша іс-шаралар жүргізіледі.    

Ағымдағы кезеңде 31,3 млн. теңге қоса есептеумен, тауардың кедендік құнына 81 түзетулер ресімделген. 16,8 млн. теңге қоса есептеу сомасымен тауарлар жіктеуі бойынша 26 шешім қабылданды.
       Тексеру іс-шаралары өткізу нәтижесі бойынша кеден блогы 173,1 млн.теңге сомасына қор анықталды, соның ішінде 139,3 млн. теңге облыста        кедендік рәсімдеуге жаңа СЭҚ қатысушыларын тарту есебінен болды.   
       Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату бойынша атқарылып жатқан жұмысы туралы атап өтілді. Көрсетіліп жатқан қызметтің сапасын анықтаудың негізгі механизмінің бірі тәуелсіз ұйыммен өткізілетін қоғамдық мониторинг, қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы салық төлеушілердің ассоциациясының және ҚР ҚМ МКК бастамасы бойынша 2016 жылы өткізілген, қызмет алушылардың әлеуметтік сұранысы нәтижесі бойынша қызмет көрсету саласы бөлігінде қанағаттану деңгейін құрады:

          салықтық қызмет көрсету-99,5% (ҚР бойынша орташа-80,6%);        кедендік қызмет көрсету-100% (ҚР бойынша орташа – 73,6%).
       Жұмыстағы нәтижелі көрсеткіштің бірі СҚО Тимирязев ауданы бойынша МКБ ҚӨО- 2015 жылы «Ауылды аймақта немесе қалада орналасқан, МКБ ЕҢ жақасы қызмет көрсетуші орталық» республикалық конкурста жеңімпаз болып табылды.
       Соңында Данияр Еренғалиұлы көрермендермен жүздесуге мүмкіндік туғыздырғандары үшін, «Из первых уст»  бағдарламасына алғысын білдіріп, мемлекетіміздің игілігі үшін алға қойылған жоспарларды жүзеге асыруда сәттілік пен амандық-саулық тіледі.