Жарияланған күні: 19.04.2017 15:29
Өзгертілген күні: 19.04.2017 15:29

Салық кодексінің 568, 569, 571- баптарына өзгертулер, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою және есептен алу бойынша тәртіпті оңайлатуға қатысты енгізілген.

ҚҚС бойынша міндетті есепке қоюға қатысты:

Солай, енді ҚҚС бойынша есепке қою үшін қағаз тасымалдағышта келу тәртібінде немесе электронды нысанда бірінші басшымен салық өтініші беріледі, бұрын тек қағаз тасымалдағышта келу тәртібінде болатын. Енді бірінше басшыны суретке түсіру, бұрын талап етілгендей керек емес.

 ҚҚС бойынша есепке қою, көзделген бес күннің орнына, ағымдағы бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 Бұл ретте өтініш берген тұлға, салық өтінішін берген күннен бастап ҚҚС төлеуші болып танылады. Бұрын салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ҚҚС төлеушiлерге айналатын.

            Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап мынадай құжаттарды ұсыну бойынша норма күшін жойды:

  1. салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды

расталған көшірмесі;

  1. салық төлеушінің салық салынатын айналымы қалыптасқан минимумын

асыра пайдалануды растайтын құжаттардың көшірмесі.

 ҚҚС бойынша ерікті түрде есепке қоюға қатысты:

Салық кодексінің 568-бабы 1- тармағына сәйкес, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті қоюға жатпайтын тұлғалар, келесі тәсілдердің бірімен тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға құқылы:      

  1. қағаз тасымалдағышта келу тәртібінде немесе электронды нысанда

қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы  салықтық өтініш беру жолымен;

  1. бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін Ұлттық тізілімде заңды тұлға-резидентті

мемлекеттік тіркеу кезінде.

 Бұрын салықтық өтінішті бір тәсілмен келу тәртібінде ғана беруге болатын.

 ҚҚС бойынша тіркеу және есепке қою мерзімі міндетті қою кезіндегі мерзім сияқты көзделген, яғни, салықтық өтініш берген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде тіркеліп ҚҚС төлеуші болып шығады.

 ҚҚС бойынша есепке өз еркімен тұруға құқығы жоқ тұлғалардың тізбесі өзгертусіз қалды (Салық кодексінің 569-бабы 1-тармағы).

 Салық кодексінің 569-бабының 3 және 4- тармақтары шығарылған, ол ҚҚС бойынша есепке өз еркімен қоюдан бас тарту нормалары.

 ҚҚС бойынша есептен алып тастауға қатысты:

Күнтізбелік  жылда, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған тұлғаның айналым көлемінің жоғарлауы болмаған жағдайда, оларды осындай минимум айналыммен тіркеу есебіне қойған Салық органының шешімінің негізінде ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алып тастау туралы ережелер алынып тасалды.