Жарияланған күні: 14.03.2017 10:05
Өзгертілген күні: 14.03.2017 10:32

Телекоммуникация қызметінің алаңында Солтік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысы Данияр Еренғелиұлы Жаналиновтың қатысуымен брифинг өтті, онда ол баспасөзге 2016 жылғы жұмыстардың нәтижелерін жеткізді.

          2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан үшінші  жаңғыртуы: жаһандық бәсекелестік» негізгі басымдылықтардың  бірі бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту болып табылады. 

      Бизнесті қарапайым және  ыңғайлы  жүргізу жұмыстары оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, салықтөлеушіге қызмет көрсетуде клиентке бетбұруға басымдылықты беру мақсатында жүргізіледі – деп бастады өз сөзін Данияр Жаналинов. 

      Одан әрі, ол жеке кәсіпкерлерді хабарландыру жөніндегі процедураға өту, мемлекеттік қызметтер көрсетуді жетілдіруге мүмкіндік беретін Петропавл қаласында орналасқан «мемлекеттік кірістер органдарымен есептелген салық сомалары туралы хабарландыру басып шығару терминалы» жайлы айтты.   

               Жыл сайын тәуелсіз ұйыммен қызмет алушылардың деңгейі және көрсетілетін қызметтер сапасын анықтау үшін қоғамдық мониторинг жүргізіледі.

        Салық төлеушілерді ақпараттандыру деңгейін арттыру-түсіндіру қанағаттану жөнінде әлеуметтік сауал нәтижелері бойынша СҚО бойынша   – 100% құрады. Салық төлеушілермен түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі, тұтасымен алғанда 2016 жылы 3360 іс-шара  өткізілді, 2015 жылмен салыстырғанда 143 іс-шараға артық.

          Жұмыс нәтижелілігінің көрсеткіштерінің бірі СҚО Тимирязев ауданы бойынша МКБ АҚӨО 2015 жылғы «Селолық жерде немесе қалада орналасқан, МКБ қызметтерді көрсететін үздік Орталық»  республикалық конкурсында жеңімпаз болып табылғанын атап өтті.

          Республиканың мемлекеттік кірістер органы, салық және кеден қызметтерін,  сондай-ақ құқық қорғау блогын  бір механизмге біріктіреді.   Мемлекеттік органның негізгі міндеті бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру.      Бюджетке түсімдердің толық түсуінен көбінесе, экономикалық өсім мен біздің еліміздегі әлеуметтік реформаларды іске асыруға кететін  шығындар көлемі байланысты.

          Яғни,  егер 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 9%  -ға немесе  4 млрд.теңгеге артса, онда  2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы  15%-ға немесе    9 млрд.теңгеге артты.        Тұтасымен алғанда, үш жылға 14  млрд. теңгеге немесе    26%-ға түсімдердің өсімі қамтамасыз етілді.

    Облыс бюджетіне түскен  салық және төлемдер түсімдерінің артуының  арқасында, өңірдегі әлеуметтік- экономикалық жағдайды  шынайы жақсарта,  бюджеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Мысалға, 2015 жылы облыс меншігі қаражатының есебінен жалпы алаңы 14,9 мың шаршы метр мұз  аренасы   және  жеңіл атлетика манежімен Спорт сарайы салынды. 2016 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарына 6 млрд. теңгеден аса қаражат жұмсалды, осы қаражат  есебінен жолдарды қайта салу, жөндеу, ұстау жүргізілуде, апатты жағдайдағы мектептердің    мәселесі  шешілуде, мектепке  дейінгі балалар мекемелерінде     орындардың жетіспеушілігі қысқартылуда және т.б. 

       Сондай-ақ Департамент басшысы бюджетке түсетін түсімдерді арттыру үшін  қосымша резервтерді іздестіру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты. Яғни, бұл жалған кәсіпорындар контрагенттерімен жұмыс, «көлеңкелі» экономиканы азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау, камералдық бақылау, берешектерді өндіріп алу және т.б.  

        Камералдық бақылау  шеңберінде жүргізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша қосымша 1 969,0 млн. теңге өндіріп алынды, бұл  36% -ға немесе  2015 жылдың ұқсас кезеңінен 520,1 млн. теңгеге  артық (2015ж.-1 449 млн.теңге). Департаменттің Экономикалық тергеу  қызметімен жалған кәсіпкерлік фактілердің алдын-алу және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.  

          Кедендік әкімшілендіру сапасын жақсарту мақсатында,  Департаменттің кедендік блогымен тыйым салынған, қауіпті және сапасыз тауарларды әкелуден қорғау бойынша  жұмыстар жүргізілуде, контрафакті және контрабандамен күрес, зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша  шаралар іске асырылуда, тауардың кедендік құны индексінің мониторингі бойынша жұмыстар жүргізілуде.           

          Кеден блогымен  тексеріс іс-шараларын жүргізу нәтижесінде барлығы 173,1 млн. теңге сомасына резевтер анықталды, сонымен қатар   облыста кедендік рәсімдеуге  жаңа сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын  тарту есебінен – 139,3 млн. теңге.

         Барлық қатысушылар үшін Департаментте  8 (7152) 46-33-29 сенім телефоны тәулік бойы қызмет істейтіні туралы хабардар етілді. Экономика және қаржы саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер мен заңбұзушылықтарға  байланысты, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері туралы кез-келген  деректер көрсетілген  нөмір бойынша  қабылданады.

 

                                                                                      СҚО б МКД