Жарияланған күні: 17.04.2015 16:30
Өзгертілген күні: 23.06.2015 11:01

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жыл сайынғы жолдауында көрсетілген жаңа экономикалық саясатында, Қазақстанның экономикалық өсуінің драйвері ретінде рөлі анықталған, кіші және орта бизнесті қолдау және дамытуға бағытталған шаралар кешені анықталған.

 Бизнесті жүргізудің қосымша жағдайын туғызу үшін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселесі бойынша 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 269-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Кедендік әкімшілендіруді жақсартуда кедендік декларациялау үшін қажет құжаттар санын азайту бойынша, СЭӘ қатысушыларымен  «Қатені өз еркімен мойындау» принципін енгізу бойынша, шекаралық өткізу пунктерінде транспорттық-логистикалық институт құру бойынша,  уәкілетті экономикалық операторлар институтын жақсарту бойынша түзетулер енгізілді.

Кедендік декларациялау барысында тек қана 4 құжат импортқа және 3 құжат экспортқа тапсыру қажет болаты. Тауардың шығу сертификаты сияқты  құжат тек қана СЭӘ қатысушысы преференцияға ұмтылған жағдайда ғана тапсырылады.   Ал кедендік декларация тапсыратын тұлғаның өкілеттілігін дәлелдейтін құжат реестр бойынша тексеріледі. Сонымен қатар, кедендік, салықтық төлемдерді растайтын құжаттар және сыртқы сауда келісім-шартты беру міндеті  ТБЖ талап етуімен, немесе мұқият кеден-бекет тексеру барысында ғана орындалады. Уәкілетті экономикалық операторлар институтын жақсартуға маңызды назар аударылуда. СЭӘ адал мәртебеде ұзақ мерзімде жеңілдетуді сатылап беру принципін енгізу кедендік декларациялау барысында үлкен көлемді жеңілдетуге ұмтылуға мүмкіндік береді. 

 СЭӘ қатысушыларымен «Қатені өз еркімен мойындау» принципін енгізу, кедендік тексеріс келгенге дейін СЭӘ қатысушыларымен олардың өз еркімен қателіктерін түзету барысында кедендік заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылуын көздейді.

 Енді осындай мүмкіндік заңды дәрежеде бекітілген. Берілген әрекет бағытын жүзеге асыру кедендік органдар әрекетінің тиімділігін арттырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен Мемлекет Басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, адал компанияларға әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында  санаттау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тәуекелдерді басқару жүйесі аясында кедендік бақылау формасын дифференциалдап қолдану мүмкін. Бұдан бұрын «жасыл коридор» әрекеті «Уәкілетті экономикалық опреатор» және «Ірі тауар өндірушілер» сияқты сыртқы экономика әрекетінің қатысушыларына  қолданылған. Осы жылғы наурыз айынан бастап кедендік рәсімдеу кезінде «жасыл» коридор қолданылатын адал салықтөлеушілер санатын құру тәсілі қайта қаралды. Бүгінгі күні сандық жағынан ол кеңейтілген, осы жағдайда кеңейтілу мониторингте тұрған ірі салық төлеушілер есебінен болды. «Жасыл» коридордың мәні, кедендік ресімдеу сатысында кедендік бақылау құрылымын ықшамдау тәуекелдің аз дәрежесімен салық төлеушіге қатысты - тексеру, қарау, кедендік бағаны қосымша тексеру, кедендік экспертиза және басқалардан бас тарту. Қандай да бір тәуекелдер белгілері бар болған жағдайда барлық мәселелер кеден-бекет бақылау сатысына ауыстырылатын болады. Яғни, кедендік бақылау акценті тауар шығарудан кейінгі сатысыға көшеді. Осындай кәсіпкерлерге кедендік ресімдеудің жылдамдығы 3 есе артады.

Бұл кедендік бақылау кезінде тәуекелдерге бағытталған бағалау субъектісіне көшу бойынша глобалды мақсат жолында бірінші кезең. Сыртқы экономика әрекетінің барлық қатысушыларын салық және кедендік тарихына тәуелді санаттау бойынша әрі қарай жұмыстар жалғасуда.

 Өткізілетін жұмыс қорытындысы болып кедендік әкімшілік ету рәсімінің тездетілуі және жеңілдету, адал сыртқы экономикалық әрекет қатысушыларына жүкетмелерді және әкімшілік кедергілерді төмендету, сонымен қатар адал сыртқы экономикалық әрекет қатысушыларын кәсіпқойландыру. 

Осы жылдың екінші тоқсанынан бастап, сыртқы экономикалық әрекет қатысушыларын санаттауды толық масштабты енгізу жолымен «жасыл коридор» ұзақ сыртқы экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, жақсы салықтық және кедендік тарихы бар, төмен тәуекелді санатына қосылатын басқа да кәсіпкерлерге беріледі. Салықтық жүктеме және өткендегі бұзушылықтардың жоқтығы негізгі белгі болатын, “Ең үздік салық төлеуші” және “Сыртқы экономикалық әрекеттің ең үздік қатысушысы” – мемлекеттік кірістер органдарымен өткізілетін конкурстар арқылы кәсіпкердің сенімділік дәрежесі дәлелденеді.

Қазіргі таңда, Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексінің Жобасы ішкі мемлекеттік келісімге жолданған. Бірінші кезекте жаңа кодес электронды құжат айналымына бағдарланған. Жоба декларацияны электронды түрде тапсыруды көздейді. Осы жағдайда, олар негізінде толтырылған құжаттарды тапсыру қажет емес. Жаңа кодексте кедендік органның лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз тапсырылатын декларацияларды автоматты түрде шығару және тіркеу көзделген. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекетін талдауға негізделетін, сенім негізінде кеден органдары және бизнес аралығында өзара әрекеттің жаңа дәрежесіне көшу.