Жарияланған күні: 30.03.2015 15:30
Өзгертілген күні: 23.06.2015 11:01

 

 

Кедендік органдарды алдын-ала хабарлау- технологиялық үрдісі  барысында  мүдделі адамдар (сыртқы экономикалық әрекет қатысушылар, тасымалдаушылар, кедендік өкілдер) өздігінен электронды түрде құрылады және  Кедендік одақтың кедендік шекарасында белгілі бір өткізу пукттері арқылы тасымалдауға жоспарланатын, тауарлар және көлік құралдары туралы алдын-ала ақпарат кедендік органдарға жіберіледі.

Осы алдын-ала ақпарат кедендік органармен кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мақсатында қолданылады. Жеке жағдайда, өткізу пунктінде кедендік ресімдеу кезінде, берілген алдын-ала ақпарат транзитті декларацияның электронды көшірмесі ретінде, тауарлы-жолдама құжаттардағы ақпараттармен қайшылық болмаған жағдайда қолданылады.

Кедендік одақтың заңнамасына сәйкес,Кедендік одақтың кедендік шекарасынан тауар және көлік құралдарын өткізуге дейін 2 сағат бұрын мүдделі тұлғамен Кедендік одақ мемлекет-мүшесі кедендік органына алдын-ала ақпарат жолдануы керек.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде алдын-ала ақпаратты қабылдау pi.customs.kz web-порталы арқылы жүргізіледі.

Алдын-ала ақпарат оған тасымалдаудың бірегей идентификационды нөмері (ТБИН) тағайындалған күннен бастап кедендік органдарда 30 тәулік сақталады.

Бұл номер алдын-ала ақпаратқа ақпарат құрамының сәйкестігіне, құрамы мен үлгісіне тексеріс өткізгеннен кейін тағайындалады. Бұл ретте мүдделі тұлғаға алдын-ала ақпаратты қарастыруға қабылдануы не қабылданбауы жайлы элетронды хабарлама жіберіледі. Қабылдамаған жағдайда міндетті түрде себебін көрсету қажет.

Егер де алдын-ала ақпараттың сақталуы мерзімінде тауар мен көлік құралдары нақты тасу болмаған жағдайда берілген алдын-ала ақпарат автоматты түрде күшін жояды.

Қазақстан Республикасының кедендік органының Web-порталы алдын-ала ақпарат беру үшін (pi.customs.kz) барлық СЭӘ қатысушыларына шектеусіз ашық. Бұл ретте порталға кіру пайдаланушымен жай ғана тіркелуі арқылы жүзеге асырылады.

2012 жылдың маусымынан Кедендік одақтың кедендік территориясына автомобильді көлікпен тасылатын, ал 2014 жылдың 1 қазаннан  Кедендік одақтың кедендік территориясына теміржол көлікпен тасылатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Алқа Шешіміне сәйкес, кедендік органдарға алдын-ала ақпарат беру міндетті болып табылады.

Алдын-ала ақпарат беру кедендік органдарға тасымалдауға жоспарланатын тауарлар туралы ақпарат негізінде тәуекелдерге баға беруге және алдын-ала кедендік территорияға тауар келмей тұрып объектілерді таңдау бойынша, кедендік бақылау үлгісін және кедендік бақылауды өткізу шаралары бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай кедендік операцияларды жүргізуді жеделдетеді, кедендік бақылау өткізу процесін оңтайландырады, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Көптеген қазақстандық бизнесмендер алдын-ала хабарландырудың оң мүмкіндіктерін бағалап үлгерді. Кәсіпкерлердің айтуы бойынша, алдын-ала хабарландыруды қолдану өткізу пункттерінде тұру уақытын 1-2 сағатқа кемітеді.