Жарияланған күні: 25.11.2015 09:17
Өзгертілген күні: 25.11.2015 09:20

 

2015 жылғы 30 қазандағы автомобиль көліктерімен Өзбекстан Республикасы кеден шекарасы  арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы Өзбекстан Республикасы мемлекеттік кеден қызметі органдарын алдын ала электронды ақпараттандыру тәртібін жүргізуге қатысты өзбек контрагенттерімен сыртқы саудаға қатысушыларды, барлық мүдделі тұлғаларды хабардар етудеміз.

Ерікті алдын ала ақпараттандыру Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 307 қаулымен енгізіледі.

2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап мүдделі тұлғаларға өткізу немесе өткізу уақытына (соның ішінде транзиттік жағдай) дейін Интернеттің әлемдік ақпарат жүйелері арықылы мемлекеттік қызмет органдарын  алдын ала электронды ақпараттандыру автоматты жүйелерде автомобиль көліктері Өзбекстан республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін (соның ішінде транзит) жағдайларында өтетін тауар және тауар құралдары туралы мәліметті жолдауы мүмкін.

Алдын ала ақпараттың болуы тауарларды өткізуге қатысты  кедендік бақылау нысандарын  қолдану туралы шешімді қабылдау кезінде  ескерілетін болады.

Кедендік бақылау және ресімдеу, таурлардың жөнелпе құжаттарында көрсетілген мәліметтерге оның сәйкестігін  және алдын ала электронды ақпараттың болуы кезінде Өзбекстан Республикасы  мемлекеттік кеден қызметі органы тауардың жөнелтпе  құжаттарын ұсыну кезеңінен бір сағат ішінде  жүзеге асырылуы тиіс.

Өзбекстан Республикасы мемлекеттік кеден қызметі органы тауардың жөнелтпе  құжаттарында көрсетілген олардың сәйкес келмегенде  немесе алдын ала электронды ақпаратты мүдделі тұлғаларға ұсынбаған жағдайда автомобиль көліктері Өзбекстан Республикасы  кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу кезінде  автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қажетті мәліметтерді өз еркімен енгізу жүзеге асырылатын болады.  

Қазақстан Республикасы кеден органы және алдын ала ақпаратты пайдалану ұқсас рәсім, сонымен қатар оны пайдалану міндетті болып табылады.

Кеден органы – технологиялық процессте алдын алу ақпараттандыру Кеден одағы  заңнамасына сәйкес, мүдделі тұлғалармен (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тасымалдаушылар, кеден өкілдері) электрондық түрде өз еркінше қалыптасытру барысында Кеден одағы кеден шекарасынан өтетін белгілі бекеттер арқылы өту жоспарланған  тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты кеден органына беріледі.

Осы алдын ала ақпарат кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мақсатында кеден органдарымен пайдаланылады. Жекешеленгенде, ұсынылған алдын ала ақпарат өткізу бекеттерінде кедендік ресімдеу кезіндетауар-ілеспе құжаттары бар мәліметтердің айырмашылығы болмаған кезде транзиттік декларациясы электронды көшірме ретінде  қолданылады  .

Кеден одағы заңнамасына сәйкес тауар және көлік құралдары  Кеден одағы кеден шекарасы арқылы өткенге дейін 2 сағатта кешікпей мүдделі тұлға Кеден одағы мемлекеттік мүше кеден органына бағытталған  алдын ала ақпарат болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіірстер комитеті алдын ала ақпаратты қабылдау Web-портала  pi.customs.kz көмегімен жүргізіледі.

Алдын ала ақпарат тасымалдың бірегей сәйкестендіру нөмірі (ТБСН)  берілген күннен бастап 30 тәулікке кеден органы мәліметтер базасында сақталады.

Құрылымы және форматының мәліметтері құрамына сәйкес алдын ала ақпарат тексерісін жүргізгеннен соң ғана осындай нөмір беріледі. Сонымен қатар, мүдделі тұлғаға алдын ала қабылданған немесе қабылданбаған ақпаратты қарау туралы электронды хабарлама жолданады. Қабылданбаған кезде бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Алдын ала ақпаратты сақтау мерзімі шегінде тауар және көлік құралдарын нақты әкелу  жағдайында жүргізілмесе, онда осы алдын ала ақпарат автоматты түрде жойылады.

         Қазақстан Республикасының кеден органының Web-порталы алдын ала ақпаратты ұсыну үшін (pi.customs.kz)  СЭҚ барлық қатысушылары үшін шектеусіз ашық. Осылайша порталға қол жетімділік пайдаланушылардың жай тіркелуі арқылы жүзеге асырылады.

ЕЭО Алқасының шешіміне сәйкес 2012 жылғы маусымнан бастап автомобил көліктерін Кеден одағы аумағынан әкелінетін тауарға қатысты, ал 2014 жылғы қазаннан бастап – кеден органына ұсынатын теміржол көлігімен Кеден одағы кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты  алдын ала ақпарат міндетті болп табылады.

Алдын ала ақпаратты ұсыну кедендік бақылауды жүргізілуін қамтамасыз ететін кедендік бақылау нысандары мен шаралары, нысанды таңдау бойынша  шешімді қабылдау  кеден аумағында тауарлардыі келуіне дейін алдын алу және тәуекел бағаларын жүргізу өткізуге жоспарланған тауарлар туралы мәліметтің негізінде кеден органына мүмкіндік береді.

Бұндай жағдай сыртқы экономикалық қызметке қатысатындардың уақытын, ақшасын және жүйкесін үнемдеуге мүмкіндік береді, кедендік бақылау жүргізу үрдіін оңтайландырады, кеден операцияларының жетілдірілуін нақты жеделдетеді.

Алдын ала ақпаратты ұсынудың оң мүмкіндіктерін  көптеген қазақстандық бизнесмендер жоғары бағалады. Кәсіпорындар алдын ала  ақпаратты пайдалану өткізу бекеттеріндегі бос уақытты аса қысқартатынын мойындады.