Date of publication: 11.05.2016 15:09
Date of changing: 11.05.2016 15:11

  Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  экономикалық тергеулер қызметінің қызметкерлері соғыс ардагерлеріне  шын ниетімен денсаулық пен амандық-саулық тілеп,  алғыстарын білдіріп,  салтанатты іс-шара өткізді.  

«Сіздің  қаҺармандығыңыз - ерлік пен батырлықтың, жанқиярлықтың, өзінің азаматтық және әскери  парызына берілгендіктің  үлгісі».   Біз Сіздің жанқиярлық  парызыңыз туралы мәңгі есте сақтаймыз және де ұрпақтан ұрпаққа жеткіземіз.   «Сіздерге Жеңіс үшін, бейбітшілік үшін алғысымызды айтамыз!»- деді департамент басшысы.  

Департамент басшылығы мен ЭТҚ жеке құрамы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шексіз ризашылығын білдірді және зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. 

Салтанатты  іс-шарадан  кейін Жеңіс саябағындағы Стеллаға гүлдер мен  гүлтәжі қойылды.    

Теги (Eng):