Date of publication: 16.08.2019 18:30
Date of changing: 16.08.2019 18:32

Пресс-релиз

 

Петропавл қ.                                                                                  2019 жылғы 16 тамыз

2019 жылғы 16 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Оқушылар сарайында» Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов іс-шараны аша отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Департамент ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтады!

Ол 2014 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес салық және кеден органдарының функцияларын біріктіру жолымен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті құрылғанын атап өтті. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Еліміздің экономикасын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік бюджетке салықтық және кедендік төлемдердің тиімді түсуі, көлеңкелі экономикамен күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салықтық мәдениетін арттыру – осының барлығы мемлекеттік кірістер қызметі қызметкерлерінің ынталы жұмысы.

        Бес жыл бойы, жылдан жылға жоспар-болжамдардың орындалуы және түсімдердің өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінің жоспар-болжамының тұрақты орындалуы мемлекеттік қызметшілерге және бюджеттік қызметкерлерге зейнетақы, жәрдемақы, жалақы төлеудің жүйелілігін дәлелдейді.

       Одан әрі СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Дастемұлы Қабдөшев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, қазіргі уақытта Қазақстанда бюджет жүйесін реформалау және бюджетаралық қатынастарды қалыптастыруға жаңа тәсілдерді әзірлеу өтіп жатқанын және департамент ұжымына толық көлемде білім, тәжірибе, шыдамдылық, шығармашылық, табандылық пен бастамашылық танытуға тура келетінін атап өтті. Департаменттің әрбір қызметкерінің сауатты және үйлесімді жұмысына, кәсібилікке, барлық ұжымның борышы мен жауапкершілігі сезіміне бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты толықтырылуы, ел өңірлерінің дамуы және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге байланысты.

           Көп жылғы және адал еңбегі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін және Мемлекеттік кірістер органының құрылған күнін мерекелеуге байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алғыс хаттарымен мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері марапатталды. 

Департаменттің бірқатар мамандары Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 

  Салтанатты кеш соңында «СҚО әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы» КМҚК ұжымы концерттік бағдарлама ұсынды.

 

 СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті