Date of publication: 15.07.2019 10:22
Date of changing: 15.07.2019 10:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚТАРЫ БОЙЫНША ӨСІМПҰЛДАРДЫ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ НЕГІЗГІ БОРЫШТЫ ТОЛЫҚ ТӨЛЕУ КЕЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін заң шеңберінде Қаржы Министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіледі. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов ҚР ПМК-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ведомство Жол картасын бекітті, оның аясында Мемлекеттік кірістер органдары ағымдағы жылдың соңына дейін әрбір азамат есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша аталған науқанды пайдалана алуы үшін салықтық рақымшылық жүргізу тәртібі туралы кең ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн. жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд. теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд. теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд. теңге.
Салық берешегінің ең көп сомасы немесе 70% (14,4 млрд.теңге) көлік құралдарына салынатын салыққа тиесілі.

Жер салығы бойынша берешекке 12% (немесе 2,5 млрд.теңге), мүлік салығына 6,7% (немесе 1,4 млрд. теңге) тиесілі.
Борышкерлердің басым бөлігі-жеке тұлғалар Шымкент қаласында шамамен 148 мың, 139 мың Түркістан облысында, 116 мың Жамбыл облысында және 114 мың Нұр-сұлтан қаласында тіркелген.

Өңірлер бөлінісінде салық берешегінің ең көп сомасы Алматы қаласында – 5,5 млрд.теңге, Нұрсұлтан және Маңғыстау облысында 2 млрд. теңгеден, Шымкент қаласында 1,6 млрд. теңге.

Қ. Баеділовтың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаларға салық рақымшылық жасау үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, деректер базасын уәкілетті органдармен салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы мәніне дербес шоттарды түгендеу жүргізілді.

Осыған байланысты, осы рақымшылық жасаудың маңызды шарасы жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға салық берешегін есептен шығару мүмкіндігі болып табылады.
Аталған берешек 2002-ші және 2003-ші жылдары жергілікті салық органдарынан жалпы республикалық салық ақпараттық жүйесіне (БСАЖ) ауысқан кезде пайда болғанын түсіндіру қажет.

Мұндай салық берешегі 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 16 мыңнан астам жеке тұлғаларда 700 млн.теңге сомасына есепке алынған, оның ішінде негізгі борыш 400 млн. теңге, өсімпұл 300 млн. теңге.

Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жүргізеді және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуді жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы қайтаруға жатады. Ол үшін мемлекеттік кіріс органдарына өтініш беру қажет.

Өз сөзінің соңында ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов 2019 жылдың 1 қаңтарына салық берешегі бар барлық азаматтарды мемлекет тарапынан есептелген өсімпұл түріндегі санкциясыз өз салықтық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін пайдалануға шақырды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)