Date of publication: 04.07.2019 18:29
Date of changing: 04.07.2019 18:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ ЕЛГЕ ӘКЕЛІНЕТІН ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ КЕЗІНДЕ ДҰРЫС МӘЛІМЕТ КӨРСЕТУГЕ КЕҢЕС БЕРЕДІ

                                                   

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен импортталатын тауарларды өтпелі бақылаудан өткізу жүйесі жүзеге асырылды. «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйе шеңберінде «Виртуалды қойма» модулі арқылы іске асырылды.

Бұл модуль тауарлардың барлық сатылу тізбегін автоматты түрде бақылауды жүзеге асыруға, тауарды импорттаудан бастап соңғы тұтынушының сатылуымен аяқталғанына дейін, мүмкіндіктер береді. Жүйе тауарлардың саны мен құны туралы дұрыс емес мәлімдемелерді анықтайды, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты қосымша бақылау шараларын қолдануға, тиісінше олардың негізгі қызметтерін тоқтата тұруына әкеліп соғады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тауарлар туралы, оның ішінде тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді кедендік ресімдеу кезінде дұрыс мәлімет беруді, сондайақ салық есептілігін уақтылы табыс етуді ұсынады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)