Date of publication: 17.05.2019 16:14
Date of changing: 17.05.2019 16:18

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті  қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытуды және деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені пайдалануды ынталандыру мақсатында 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтыруларға енгізілгенін хабарлайды.

Салық кодексінің 686 және 687-баптарының 2-1-тармағымен патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнулы салық режимін пайдаланатын дара кәсіпкерлер 2019 жыл бойы сатып алынған деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасының құнын немесе 2019 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 1 қаңтар аралығында сатып алынған үш құрамдасты интеграцияланған жүйе құнын жеке табыс салығының сомасын 60 000 теңге сомасында, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде азайту көзделген.

Сонымен қатар, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе бойынша ЖТС-ын азайту осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған салық кезеңінде, сондай-ақ осындай сатып алу жүргізген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінде жасалады.

Бұдан басқа, оңайлатылған декларация негізіндегі арнулы салық режимін пайдаланатын дара кәсіпкерлермен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ынталандыру мақсатында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін 114 184 АЕК мөлшеріндегі айналымға, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізіндегі арнулы салық режимін пайдалану бойынша АЕК-тің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі көрсетілген кірісіне, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.

Өз кезегінде, Салық кодексінің 1-бабының 72-1) тармақшасына сәйкес үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді№

Салық кодексінің 24-бабы 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның сұрау салуы бойынша салық төлеушілер – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға бойынша, төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беруге міндетті.

Салық төлеушілердің санаттары мен тізімін, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.

Осыған байланысты, Комитет Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін, екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу туралы деректерді беру туралы бұйрықты, сондай-ақ үш құрамдасты интеграцияланған жүйе немесе деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасы  орнату туралы ақпаратты және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудан алынған кірістерді көрсету үшін (СЕН 910.00, 911.00) салықтық есептілік нысандарына өзгерістер енгізіледі.

 

                                                                                                                                                                                                                                     СҚО бойынша МКД