Date of publication: 19.04.2019 18:31
Date of changing: 22.04.2019 18:01

           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI  Заңының (бұдан әрі – Қолданысқа енгізу туралы заң) 23-бабына сәйкес айқындалған Салық кодексінің 167-, 168- және 169-баптарын редакциялау мерзімі 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылғанын хабарлайды.

         Бизнес-үдерістерді оңтайландыру мақсатында 2019 жылдың 17 сәуірінен бастап, «Бақылау-кассалық  машиналарын есепке қою және есептен шығару (БҚМ)» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде  ДТБФ бар БКМ тіркеу/өзгерту/алып тастау "Қазақстан Республикасының Ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ЫСАЖ АЖ) "Фискалдық деректер операторы" ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - ФДО) "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы ықпалдастырылған өзара іс-қимыл жолымен автоматты режимде фискалдық деректер операторының мәліметтері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен жүзеге асырылуы тиіс.

           Бұдан, салық төлеушінің ДТБФ бар БКМ тіркеу/өзгерту/алып тастауы үшін ДТБФ бар БКМ туралы мәліметтерді  мемлекеттік кірістер органдарына ФДО www.oofd.kz сайты арқылы беру талап етіледі.       

Өз кезегінде, ЫСАЖ АЖ  ДТБФ бар БКМ мәліметтерін тексергеннен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, БКМ тіркеу карточкасын ФДО сайты арқылы береді.

        Тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (тауар қозғалысын бақылау) кезінде жүзеге асырылатын ДТБФ бар БКМ мәліметтеріне камералдық бақылау жүргізу мақсатында БКМ чегінде көрсетілуге жататын ақпарат тізімі кеңейтілді, атап айтқанда мынадай мазмұнмен толықтырылды:

          7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;

            10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;

            11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;

            12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;

         13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;

            14) бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;

            15) кодталған түрде бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты қамтитын штрих код.

             

Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарының чектеріне қолданылмайды.

          БКМ чегінің мазмұнын жоғарыда көрсетілген толықтырулар енгізу үшін салық төлеушілерге өз беттерінше тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауларының тізбесін жасау және БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну талап етіледі.        

             БКМ чегінде штрихтік кодты көрсету ФДО-дан ДТБФ бар БКМ-ға кодты автоматты түрде беру жолымен жүзеге асырылады.

          Қосымша атап өтетініміз, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы анықталған жоқ.

         Бұдан басқа, БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтары БКМ чегінің көрсетілген қосымша мазмұнын өз бетімен енгізу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық дайындайды.

      Бұл ретте, БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген барлық БКМ моделі чектің қосымша мазмұнын көрсетуді қолдайтынын, сондықтан салық төлеушілерге БКМ ауыстыру жүргізу талап етілмейтінін атап өтеміз.

         «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы заңының 284-бабының 7-тармағына сәйкес, БКМ чегінде қосымша енгізілген деректемелерін көрсетпеу бойынша әкімшілік шаралар көзделмегенін атап кеткен жөн.

 

            СҚО бойынша МКД