Date of publication: 19.04.2019 17:37
Date of changing: 19.04.2019 17:39

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары–Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 236 бұйрығының қабылданғанына байланысты, келесіні түсіндіреді.

Көрсетілетін қызметтердің сапасын, тиімділігін арттыру мақсатында  алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларды беру жөніндегі қызметтерді аутсорсингке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Банкноттық фабрикасы» РМК-ға (бұдан әрі – Банкнот фабрикасы) беру ұсынылды.

Жоғарыда аталған Қағидада есепке алу-бақылау маркалары және акциздік маркаларды жасап шығаруды және оларды жеткізуді және алушыларға беруді Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен және алушылармен жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асыратыны көзделген.

Банкнот фабрикасымен темекі өнімдеріне акциздік маркаларды беру 2019 жылғы 1 мамырдан бастап, ал алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларын беру (бұдан әрі – ЕБМ) 2019 жылғы  1 шілдеден жүзеге асырылатын болатынын қосымша хабарлаймыз.