Date of publication: 18.04.2019 18:39
Date of changing: 18.04.2019 18:42

2018 жылдың 1 қазанына салық бойынша берешек пайда болған шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық рақымшылық жасауды.

 

Ірі бизнес субъектілері, акцизделетін өнім өндірушілер және жеке тұлғалар рақымшылық жасалмайды.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі борыш сомасын салық төлеуші 2019 жылдың аяғына дейін төлеген жағдайда.

Есептен шығаруға жатады:

  1. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында есептелген өсімпұл, сондай-ақ негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы (қоса алғанда));
  2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұл сомасы;

Салық төлеушілерге рақымшылық жасау үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын дербес шоттардың жай-күйіне мониторинг жүргізіп, негізгі қарызды төлеу кезінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады

Негізгі борыш сомасын, өсімақы мөлшерін салық төлеушілер "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасында жеке шоттан үзінді көшірмені алып анықтай алады.

Сондай-ақ, салық берешегі туралы ақпаратты Комитеттің интернет-ресурсынан білуге болады www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисті пайдалануға болады, ол онлайн-режимде салық төлеушінің ЖСН/БСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.