Date of publication: 29.03.2019 12:46
Date of changing: 29.03.2019 12:52

    «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, бизнес субъектісін сақтап қалу мақсатында кәсіпорындарды дағдарыстан шығару жолдары көзделген, соның ішінде оңалту рәсімін қолдану, борышкер мен кредитор арасында бітімгершілік келісім жасасу, банкроттың кәсіпорнын сату сияқты банкрот деп танылғаннан кейін де.

Банкроттың кәсіпорнын сату «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңының 99-1-бабында айқындалған, банкроттың кәсіпорны деп кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, шикiзатты, өнiмдерді, жер учаскесiне құқықты, талап ету құқықтарын, борыштарды, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтарды (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлерін қамтитын мүліктік кешен ұғынылады.

Кәсіпорынды сату тікелей сату жолымен жүзеге асырылады және банкроттықты басқарушы сатып алушымен жасасатын сатып алу-сату шартымен ресімделеді, бұл ретте сатып алушы кәсіпорынды сатып алу-сату шартына сәйкес шартқа қол қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асыруға тиіс.

Төлем жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы әкімшілік шығыстар сметасына сәйкес банкроттық рәсімін жүргізу барысында жұмсалған әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, сатудан түскен ақша қаражатын мүліктің меншік иесіне немесе құрылтайшыға (қатысушыға) табыс етуге міндетті.       Банкроттықты басқарушының кәсiпорынды беруi және оны сатып алушының қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар қол қоятын және ресімделетін өткізу актiсi бойынша жүзеге асырылады.

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қолдана отырып оны тарату туралы шешiмнің күшін шешімді шығарған сот жоюға тиіс.

Осылайша, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын уақтылы қолдану қолданыстағы өндірісті сақтауға, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

 

СҚО бойынша МКД Борыштармен жұмыс басқармасы