Date of publication: 20.02.2019 11:59
Date of changing: 20.02.2019 12:02

Құрметті салық төлеуші!

          Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау кезінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруге мыналар міндетті екендігін сіздің назарыңызға жеткізеді:

  1. осы Кодекстің 367-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
  2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер (тауарларды Алып қою тізбесінен өткізген жағдайда);   

3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

5) импортталған тауарларды сатқан жағдайда салық төлеушілер.

Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасында жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісінің болмауы жағдайлары ерекшелік болып табылады, Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының мәліметтеріне сәйкес  Солтүстік Қазақстан облысының аумағында барлық әкімшілік-аумақтық бірліктерде жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері бар.

ЭШФ жазып беру электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.

Толық ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:

  • Петропавл қаласында тіркелген салық төлеушілер үшін - Петропавл қ., Мир к-сі, 85 үй, 38 каб. байланыс телефондары.: 46-66-84;46-45-65; 46-60-50; 50-00-64.
  •  облыс аудандарында  тіркелген салық төлеушілер үшін -  аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында.