Date of publication: 18.02.2019 11:27
Date of changing: 18.02.2019 12:46

Құрметті салық төлеушілер!

            Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  хабарлайды.

         2019 жылғы 21 ақпанда сағат 10:00-де Көкшетау қаласында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Блокчейн технологиясын қолдана отырып, ҚҚС төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын пайдалануы кезінде ҚҚС қайтарудың жаңа тетігін енгізу мәселесі бойынша көшпелі өңірлік семинар өткізеді.
          Аталған семинардың жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері, ЭШФ АЖ, "1С Рейтинг" ЖШС, Біріккен Ұлттар Ұйымы ЮНКТАД, ИТП АКФ әзірлеуші өкілдері және Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының салық төлеушілері қатысады.

 

Семинардың негізгі тақырыптары:
 

1. ҚҚС төлеушілер ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ҚҚС қайтару ерекшеліктері;
2. "Электрондық шот-фактуралар" АЖ және "Виртуалды қойма" функционалы салық төлеушілердің ҚҚС бақылау шотын пайдалануы кезінде тауарларды есепке алу бөлігінде;

3. Салық төлеушінің есеп жүйесінде (Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8) ҚҚС бақылау шоты бойынша операцияларды ресімдеу";

4. "АСТАНА-1 "АЖ тауарларды электрондық кедендік декларациялау" Астана-1 "АЖ-дан" ҚҚС АЖ-ға мәліметтерді беру тәртібі Блокчейн оның ішінде: тауарлар экспорты жүргізілген электрондық кедендік декларациялар бойынша (оның ішінде тауарлар экспорты кезінде ЕАЭО шекарасын кесіп өту фактісі туралы); Тауарлар импорты жүргізілген кедендік декларациялар бойынша; кедендік декларациялар / "тауарлар тізбесі" бойынша, Кеден одағының кедендік шекарасы белгіленгеннен кейін шетелдік әуе кемелеріне май құю кезінде әуежайлар ресімдеген "шығыс ордерлері" бойынша;
5. Сұрақ-жауаптар.

Семинар 2019ж. 21 ақпанда сағат 10-00 
Көкшетау қаласы, Сүлейменов к, 10  «Достар»  Мәдениет үйінде өткізіледі. 

 

      СҚО бойынша МКД