Date of publication: 15.02.2019 12:15
Date of changing: 15.02.2019 15:23

            СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылдың ішінде тоқсан сайын, қызмет түрлерін кеңейтуді көздейтін Бұйрығы күшіне енгенін хабарлайды, оны жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады:

2019 жылғы 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 түр;

2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 түр.

Қызмет түрлерінің тізімі СҚО бойынша МКД сайтында орналастырылған http://sko.kgd.gov.kz

Бұдан басқа, 1.01.2019 жылдан бастап онлайн-БКМ қолдануға міндетті салық төлеушілер санатына ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы қызметті жүзеге асыратын арнайы салық режимінде шағын бизнес субъектілері жатады.

Салық кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдану.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің" нормаларына сәйкес бақылау-кассалық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз.

 

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті