Date of publication: 29.01.2019 16:05
Date of changing: 29.01.2019 16:10

Төлем қабілетсіздігін реттеудің артықшылықтары туралы

 

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен банкроттықты  болдырмау және банкроттық рәсімі барысында бизнесті сақтау, оңалту және банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін қысқарту қарастырылған.
Борышкер банкрот деп танылғанға және оңалту рәсімін қолданғанға дейін төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі енгізіледі.
Борышкер төлем қабілетсіздігі белгілері болған кезде рәсімді қозғау туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Рәсім қолданған кезден бастап берешектің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын есептеу тоқтатылады, ал несие берушілерге борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге тыйым салынады.
Ал борышкерге сот бекітетін берешекті өтеу тәртібі бойынша барлық кредиторлармен келісім жасасу үшін 2 ай беріледі.
Борышкер мен кредиторлар қол қойған келісімді сотпен бекітуге жатады және:
- тұрақсыздық айыбы мен сыйақыны есептеуді тоқтатуға;
- борышкердің шоттарынан шектеулерді алып тастауға;
- атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуға;
- борышкердің мүлкі мен шотына жаңадан тыйым салуға әкеп соғады.
Келісімнің ең ұзақ мерзімі-3 жыл.
Берешекті өтеу тәртібі бойынша кредиторлармен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда немесе келісімді бекітуден сотпен бас тартылған жағдайда, борышкер  рәсімді бір жыл ішінде қайтадан пайдалана алмайды, ал кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгіну құқығы туындайды.
Рәсім басқарушының қатысуынсыз өткізіледі.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының «Банкроттық рәсімі» 6-тарауымен банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне көшу тәртібі регламенттелді.
Осыған байланысты, банкроттықты басқарушының «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабында белгіленген өкілеттіктері борышкер берген және кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасау міндетін көздейді.
Сонымен қатар, борышкер мен кредиторлар арасында банкроттық рәсімінің кез келген сатысында бітімгершілік келісім жасалуы мүмкін. Бітімгершілік келісімге қол қоюға банкроттықты басқарушы да қатысады. Бітімгершілік келісім бекітілгенге дейін бірінші кезектегі талаптарды толық өтеу міндетті шарт болып табылады. Сот оны бекіткен сәттен бастап банкроттық рәсімі тоқтатылады.
Егер бітімгершілік келісімді жасасу кезінде мемлекеттік орган (мысалы, мемлекеттік кірістер органы) кредиторлардың бірі болып әрекет еткен жағдайда, бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге берешекті өтеуді кейінге қалдыру шартымен бітімгершілік келісім жасалуы мүмкін екендігіне көңіл бөлген дұрыс.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек банкроттың және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы және (немесе) банк кепілдігімен өтеледі. Кепілге берілетін мүлік өтімді, жоғалудан немесе зақымданудан сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасынан кем болмауға тиіс.
Кепілге қойылатын мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:
      1) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
      2) энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;
      3) тыйым салынған мүлік;
      4) мемлекеттік органдар салған шектеулері бар мүлік;
      5) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;
      6) тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл заттары бола алмайды.
Сонымен қатар, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауы оңалту рәсімін қолдануды көздейді және тек сот тәртібімен коммерциялық ұйымдарға қатысты қолданылады.
Сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған кезден бастап мынадай салдарлар басталады:
      1) мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді, оларды уақытша әкімшімен келіспей жасасуға тыйым салынады;
      2) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды), сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды есепке жазу тоқтатылады;
      3) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкер мүлкіне қатысты қабылдаған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер мүлкінің меншік иелерінің (олар уәкілеттік берген органдардың), құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
      4) оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есебіне жазған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленеді.
Осылайша, «Оңалту және банкроттық туралы» ҚРЗ белгілі бір нормаларын уақтылы қолдану бизнесті сақтауға мүмкіндік береді және кәсіпорын (қызметі)  төлем қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

СҚО МКД Борыштармен жұмыс басқармасы