Date of publication: 05.12.2018 17:50
Date of changing: 05.12.2018 17:55

1. Жеке тұлғалар қандай мүлік салығын білуі қажет?

Егер жеке тұлғаның атында  ҚР аумағында тіркелген болса:

 • тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар,ғимараттар, үй-жайлар, онда  мүлік салығын төлеу қажет (БСК-104102);

* жер учаскесі, онда оған тиісті жер салығы салынады (БСК-104302);

Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдан келесі жылға ауыстыруға байланысты, осы 2017 жылғы салықтарды 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет болды.

 * көлік салығын 31 желтоқсанға дейін төлеу (БСК-104402).

Көлік салығын төлеу үшін иелеріне VIN-код - көлік құралының сәйкестендіру нөмірін ұсыну қажет (ағыл. Vehicle identification number, VIN). 17 таңбадан тұратын көлік құралының бірегей коды. Жеңіл автомобильдер үшін VIN-код Шанақ нөмірі, ал жүк үшін шасси нөмірі болып табылады. Деректер техпаспортта көрсетілге

2. Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар осы салықтарды төлеуге тиіс пе?

ҚР мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар да мүлікке, көлік құралдарына немесе жерге салық төлеуге міндетті.

 Резидент еместердің салық төлеуі (10-т. 76-құжат ҰК)

ҚР-да мүлікті сатып алатын, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар мүлікке, көлік құралдарына немесе жерге салық салу объектісі болып табылатын салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Бұл үшін, мүлік орналасқан жері бойынша салық органына,тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілген мынадай құжаттар ұсынуға міндетті:

• шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

* мұндай нөмір болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжат.

3. Жер, мүлік және көлік салықтарын төлеуден кім босатылады

       Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған  көп балалы аналар; Жеке тұратын зейнеткерлер. Бұл санаттағы адамдар  меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде босатылады.

  Сонымен қатар, жеке меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан 1500 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде жеңілдік қарастырылған
( 2017 жылға - АЕК 2269*1500= 3 403 500 теңге):

       ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған  адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға.

        Осылайша, жеке тұлғалардың аталған санаты 2017 жылға 3 403 500 теңге көлемінде мүлік салығын төлемейді. Мысалы, ЖТ-да құны 8500000 теңге болатын 1 пәтер және құны 3200000 теңге болатын жатақхана бар, онда жалпы құны 11 млн 700 мың теңгені құрайтын болады, оның ішінде 3403500 теңге, яғни 8296500 теңге, салық кодексінің 531-бабының ставкаларына сәйкес салық 8193 теңгені құрайды.

       Жеке тұратын зейнеткерлерді қоспағанда, жоғарыда аталған тұлғалардың барлық санаттары көлік салығын төлеуден - салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша босатылады.

         Сонымен қатар, жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды: - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге.

       Жер салығына келетін болсақ, алдында аталған барлық тұлғалар салық төлеушілер болып табылмайды: - тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша;

- үй жанындағы жер учаскелері.

  Жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша, құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, гараждар орналасқан жер учаскелері, санаты бойынша тұлғалар салық төлеуден қосымша босатылады.:

 • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады.

4. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жер мен мүлікке салық төлемеген адамдарға өсімақы есептеледі ме?

     Иә, бюджетке төленетін күнді қоса алғанда, бюджетке салық төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1.25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Уақтылы төлемеу айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ салық берешегін сот тәртібімен өндіріп алуға әкеп соғады.

     Салық төлеушілердің назарына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының жаңа нормасы енгізілгенін хабарлаймыз, оған сәйкес жеке тұлға 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен астам мөлшерде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап  отыз жұмыс күні өткеннен кейін, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.

       Салық берешегі өтелмеген жағдайда салық органы салық бұйрығын мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді. Бұл ретте салық берешегін өндіріп алу кезінде сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алу сомасының 25 процентін құрайды. Яғни жеке тұлғаның қосымша шығыстары пайда болат, салық берешегінен басқа, оған және сот орындаушылардың пайыздарын төлеуге қажет
       Сондай-ақ, егер борышкер 3 айдан астам атқарушылық құжаттың талаптарын орындамаса, сот орындаушысы шығуға уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы.

5. Жеке тұлғаларға берешек туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болады, салықтар бойынша хабарламаларды басып шығаруға болады?

     Біздің ақпараттық технологиялар басқармасының күшімен бірнеше жыл бойы "Integra Soft" ЖШС-мен бірлесіп Мүлік пен жерге есептелген салық сомалары туралы ақпарат алу, сондай-ақ салық төлеу үшін түбіртекті сайтта басып шығару мүмкіндігі туралы опция жасалды. www.nalog.integro.kz (аты-жөні немесе ЖСН бойынша). Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан объектілер бойынша салық бойынша берешек туралы білуге болады.

        Қарызды Петропавл қаласының объектілері бойынша "Мәліметтерді басып шығару бойынша терминалдар" арқылы да білуге болады. Терминалдың қызметтерін келесі мекенжайлар бойынша пайдалануға болады:

«Семейный» СҮ, мекен - жайы: Мұқанов к – сі, 53; Мир к – сі, 252;

Сити Мол СҮ, Уәлиханов к - сі, 56;

Рахат СҮ-Қазақстан Конституциясы к-сі, 55;

Евразийский к-сі-Интернациональная к-сі, 63;

Петропавл қ.МКБ РММ (ЖБО ғимаратында) - К. Сүтішев к-сі, 56А;

Қызылжар ауданының тұрғындарына-Гагарин к-сі, 8 мекенжайы бойынша ЖБО Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында.

        Мәліметтерді басып шығару қызметі жеке тұлғаның ЖСН шифрланған жеке куәліктің штрих-коды арқылы бірден ұсынылады. Сондай-ақ өз салықтары туралы объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарына хабарласу арқылы білуге болады.

        ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Web-сайтында http://kgd.gov.kz СҚО бойынша МКД және мультисайтинг http://sko.kgd.gov.kz көлік құралдарына салынатын салық және өсімақы автоматтық есеп айырысу орналастырылған, ол арқылы әрбір салық төлеуші салық сомасын, сондай-ақ өткен кезеңдер үшін салықты уақтылы төлемеген жағдайда өсімақы сомасын есептей алады.

Көлік салығын dgdsko.idhost.kz сайтта білуге болады. Осы сайтта өткен жылдардың (2013-2017) төлемін ескере отырып, 2018 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық сомасын білуге болады. Көлік салығының сомасын білу үшін ЖСН енгізу қажет, содан кейін автомобильдің техникалық төлқұжатының мәліметтерін енгізу қажет. Салық сомасын Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан объектілер бойынша білуге болады.

6. Салықты төлеу қалай жүзеге асырылады?

Салықтарды төлеуді әртүрлі тәсілдермен жүргізуге болады.

I. Екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп банк шоты болған жағдайда - банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы бюджетке төлемдерді жүзеге асыру тетігі іске асырылды. Бұл ұялы қосымшалар арқылы салықтарды төлеу ("салық төлеуші Кабинеті" МКК web-қосымшасы), екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары ("салық төлеуші Кабинеті" МКК web-қосымшасы) post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар), "электрондық үкімет" порталы egov.kz оның ішінде мобильді қосымша mgov.kz ескерту.

Артықшылық- бұл кез-келген уақытта және кез-келген елді мекенде бюджетке төлем төлеу мүмкіндігі, банктерге бармай-ақ, кезекте түрмай. Бұл ретте электрондық қызметтердің тарифтері екінші деңгейдегі банктерде белгіленгеннен тарифтерінен  айтарлықтай төмен.

ІІ. 2018 жылдың 1 тамызынан еGov.kz барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді ЭЦҚ-мен авторландыру және қол қою қажеттілігінсіз төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.

"Электрондық үкімет" порталында салықтарды төлеу жөніндегі Нұсқаулық eGov.kz

еGov.kz порталда төлеу үшін "Салық және қаржы" - "Төлемдер" - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" бөліміне өту және "Онлайн төлеу"басу арқылы қызметке тапсырыс беру қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, Мемлекеттік кірістер органының атауы, төлем сомасы, бюджеттік сыныптама коды енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде салық төлеу бөліміне көшуді ұсынады. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін төлем фактісін растайтын электрондық чек ұсынылады.

Жеке тұлғалардың назарын тағы да аударамыз: жер салығы, мүлік салығы бойынша өткен жылдар үшін берешекті өтеу, сондай-ақ 2018 жылға көлік салығын уақтылы төлеу қажет, өзге жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімақы есептеледі және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады. Көлік салығын төлеу мерзімі –ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

2018 жылдың 30 желтоқсанында жұмыс күні емес екенін ескере отырып, салықты алдын ала төлеуді және жаңа жылдық мерекелерге дайындалумен айналысуды ұсынамыз!

 

                                                                                        СҚО  бойынша  МКД  ТЖБ