Date of publication: 16.11.2018 10:51
Date of changing: 16.11.2018 10:55

Мемлекет бүкіл өмір бойы бизнес пен жалпы экономиканы қолдау саясатын жүргізіп келеді.

Елбасының «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бизнес-ахуалды жақсарту үшін кедендік әкімшілендіру шаралары көзделген.

Негізгі шарттардың бірі сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға кедендік операцияларды тез және ыңғайлы жасауға мүмкіндік беретін бизнес жүргізу және сыртқы сауда айналымын ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Кеден декларацияларын ұсыну рәсімдерін оңайлату және әкімшілік кедергілерді төмендету үшін экспорттық-импорттық операцияларды жасау кезінде талап етілетін құжаттар тізбесі:

экспорт кезінде 3 құжатқа дейін және импорт кезінде 5 құжатқа дейін қысқартылды.

Процестерді автоматтандыру маңызды рөл атқарады.

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіруде неғұрлым өзекті болып тауарларға декларация беру кезінде адам факторының әсерін іс жүзінде толық болдырмауға мүмкіндік беретін электрондық декларациялауды енгізу болып табылады. Электрондық декларациялау жүйесін іске асыру үшін 2018 жылы біріктірілген кедендік компонент – «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді», ол ҚР ҚМ МКК-мен  сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясының  көмегімен ASYCUDA World платформасының өзекті нұсқасы негізінде әзірленген. ASYCUDA жүйесі 90-нан астам елде белсенді қолданылады, автоматтандырылған режимде жылына 16 млн. - нан астам кеден декларацияларын өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйені қолданған көптеген елдерде кедендік ресімдеуге кететін уақытты 10-15 есеге қысқартты.

Жаңа жүйе тауарларға арналған декларацияны автоматты түрде шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігін жүзеге асырады – яғни барлық бақылау кеден қызметкерінің қатысуынсыз жүргізіледі. Әрине бұл жаңа енгізілім негізінде  ТБЖ тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмысы жатыр. «АСТАНА-1» секунд үлесінің ішінде тауарларға берілген декларацияны тексереді және тәуекелдер болмаған жағдайда оны автоматты түрде шығарады.

ТБЖ кеден заңнамасының бұзылуын болдырмау үшін жұмыстың неғұрлым маңызды және басым бағыттарына қызмет ресурстарын оңтайлы бөлуге негізделген іріктеу қағидатын негізге ала отырып, тиімді кедендік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Жүйе кедендік тазартуға ұсынылған тауарларға арналған декларацияда және өзге де құжаттарда мәлімделген мәліметтерді кедендік бақылауды тиімді жүргізуді қамтамасыз ететін тәуекелдерді азайту шараларын айқындау үшін жұмыс істеп тұрған тәуекел бейіндерінің болуына тәуекел бейіндері мен тәуекел индикаторларындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Кеден органдарының пайдалануына арналған тәуекел бейіндері мен тәуекел индикаторларының мазмұны қызметтік (құпия) ақпарат болып табылады. Тәуекел бейіндерін құру кезінде мемлекеттік кірістер органдары іріктеу қағидатын негізге алады және Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылау нысандарымен ғана шектеледі. Кедендік бақылаудың нысандарына мыналар жатады: құжаттар мен мәліметтерді тексеру; ауызша сұрау салу; кедендік байқау; кедендік тексеру; кедендік тексеріп қарау; жеке кедендік тексеріп қарау; үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеріп қарау; кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу және басқалар.

2018 жылдың 9 айында тәуекелдер профилі іске қосылған кезде ресімделген декларациялардың жалпы санынан 0,24% кедендік тексеру тағайындалды. Бұл ретте кедендік заңнаманың 4 бұзушылығы анықталды. Бүгінгі күні облыс бойынша кедендік тексеру жүргізудің тиімділігі 28,57% құрады.

ТБЖ қолдану нәтижелері бойынша 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері кедендік құны 18,8 млн.теңгеге 170 түзету жүргізді. 2018 жылдың 9 айында ТБЖ тиімділігі 80,3% құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есеге өсті (2017ж. 9 айында - 10,06%).

Тәуекел профилінің тиімділігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Комитет және оның құрылымдық бөлімшелері тәуекел бейіндерінің жобаларын қалыптастыру үшін тәуекелдерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады, қолданыстағы бейіндерді өзектендіру, тиімді еместерді жою жүргізіледі.

 

                                                               СҚО бойынша МКД талдау және тәуекелдер басқармасы