Date of publication: 10.10.2018 09:42
Date of changing: 02.11.2018 16:41

       

Салықтарды төлеу  АҚ "Қазпошта" бөлімшелері, екінші деңгейлі банктер және банкоматтар арқылы жүргізуге болады.

Сондай-ақ, ыңғайлы болу үшін және кезекті болдырмау үшін 2018 жылдың 1 тамызынан бастап еGov.kz порталында барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді ЭЦҚ-мен авторландыру және қол қою қажеттілігінсіз төлеу бойынша жаңа қызмет пайда болды.

еGov.kz порталда төлеу үшін "Салық және қаржы" - "Төлемдер" - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу" бөліміне өту және "Онлайн төлеу"басу арқылы қызметке тапсырыс беру қажет.

Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптама кодын енгізілгеннен кейін жүйесі автоматты түрде салық төлеу бөліміне көшуді ұсынады. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін төлем фактісін растайтын электрондық чек ұсынылады.

2018 жылдың 30 желтоқсанында жұмыс күні емес екенін ескере отырып, салықты алдын ала төлеуді және жаңа жылдық мерекелерге дайындалумен айналысуды ұсынамыз!

 

СҚО бойынша МКД