Date of publication: 05.03.2018 11:22
Date of changing: 05.03.2018 11:23

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау және олардың әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл мемлекеттік қызмет тұрақтылығының және персоналды кәсібилендірудің
кепілі болып табылады.

         Агенттікпен бекітілген 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметте әдептілік деңгейін арттыру бойынша кешенді жоспар шеңберінде Департаментпен қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымына сәйкес міндеттердің және лауазымдық өкілеттіктердің көлемін нақты айқындау бойынша лауазымдық нұсқаулықтардың талдауы  жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 9, 53, 54, 56, 57 баптары талаптарының сақталуы мәселелері зерделенуде: мемлекеттік органдардың қайта құрылуы және басқару құрылымы өзгерген кезде, еңбек демалысын және тиісті төлем, үстеме төлемдер, материалдық көмек және сыйлықақы төлеу барысында  мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын сақталуы, сонымен қатар қызметшілерді біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарына уақытында жіберілуі, іс-сапарға шығу кезінде мемлекеттік қызметшілердің кепілдіктері мен өтемақыларын жүзеге асыру.       

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бұзылған жағдайда 46-74-46 номері арқылы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің сенім телефонына хабарласа аласыз немесе ukgs_sko@bk.ru электрондық мекен-жайға (қызметшінің Т.А.Ә., лауазымын, байланыс деректерін т.б. көрсете отырып) ұсыныстар мен пікірлеріңізді білдіре аласыздар.