Date of publication: 09.01.2018 09:22
Date of changing: 09.01.2018 09:23

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  хабарлайды.

ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының ұсыныстары бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстың салықтөлеушілеріне жаңа Салық кодексі жобасының нормаларын түсіндіру жөнінде Көкшетау қаласында көшпелі аймақтық семинар өткізеді.
          Семинарға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басқарушы қызметкерлері, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының өкілдері және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасары А.Қыпшақовтың бастаумен МКК-нің бір топ қызметкерлері қатысады.

Семинардың негізгі тақырыптары:
1. Салық кодексінің жобасына қолданған жаңа тәсілдер туралы;
2. Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру;
3. Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, қосымша баяндамалар (агроөнеркәсіптік кешені, шағын бизнес субъектілері, жер қойнауын пайдалану);
4. Сұрақ-жауаптар.

Семинар 2018ж. 11 қаңтар сағат 09-00 
Көкшетау қаласы, Ақан Сері қ. 90  «Көкшетау»  Мәдениет үйінде өткізіледі. 

 

                        СҚО бойынша МКД