Date of publication: 30.11.2017 12:41
Date of changing: 30.11.2017 12:41

Кез-келген салық төлеуші (салық агенті) өз әрекетін іске асырған кезде бәрінен бұрын салық мәселелері бойынша өз құқықтары мен міндеттерін   білулері керек. 

  Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері    Салық кодексінің 13 және 14 баптарында баяндалған.   

     Қазақстанда  ағымдағы жылдың 1 шілдесінен  бастап міндетті медициналық сақтандыру  енгізуге байланысты, салық өтінішін берген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей  аударымдар   және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар туралы дербес шоттан  үзінді алуға  салық төлеушінің құқығы пайда болды (СК 13б. 7т.).    

    Егер бұдан бұрын   салық төлеушіде сұрау салу бойынша міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің, салық берешегінің жоғы және (бары) туралы мәлімет  алуға құқығы болғанда, енді 01.01.2017 ж. бастап ол бойынша салық органында  есеп жүргізілетін, салық берешегінің жоғы және (бары)   туралы мәлімет  алуға құқылы.   

     Егер салық тексерісі  жүргізіліп жатса, оның нәтижелерімен тұлға келіспесе (01.01.2017ж. бастап), Салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте (СК 13б. 1т. 9-1 т.), салық тексерісінің алдын-ала актісіне  жазбаша наразылық ұсыну құқығы пайда болды.  

     Мемлекеттік кірістер органымен айналым байланысын іске асыру  үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы, мен жер салығы, көлік салығы бойынша салық міндеттерінің бары туралы ақпараттандыру мақсаты үшін өзінің телефон нөмірлері мен электронды почта  мекен-жайлары туралы мәліметті осы жылдан бастап салық органына ұсынуға құқылы (СК 13б. 2-1 т.).   Осы жаңашылдық салық төлеушілермен әкімшілік жауапкершілікті болдырмау  мақтсаныда,  салық берешегі туралы, салық бойынша сол немесе өзге өзгерістер туралы  қажетті ақпаратты  уақытылы жеткізуге салық органына мүмкіндік береді.   

      2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап уәкілетті органмен белгіленген, тәртіпте Кеден Одағы мемлекет- мүшесіне импортталатын, акцизді тауарларды алу туралы салық органын хабарландыру туралы міндеттеме салық  төлеушілерде жойылған.  

Салық кодексінің 14 бабында 2016 жылдың 11 қазанынан бастап салық органын хабарлау және мәліметтерді ұсыну бойынша жаңа міндеттеме пайда болды.     

      Яғни, жеке тұлғаның және заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның (бұдан әрі- тұлға) құрылымдық бөлімшелері 1 теңгеден асатын сомаға  және әрекеттің  келесі түрлеріне бағытталған, онымен келісілген келісімдер бойынша азаматсыздықсыз тұлғалардың, шетелдіктердің, халықаралық және шетел ұйымдарынсыз ақшаны алу және (немесе) өзге мүлікті ұстау туралы орналасқан/ тұрғылықты  жері   бойынша мемлекеттік кірістер  органынан хабарламалар мен мәліметтер  ұсынады:  

·        Заңды көмек көрсету, сонымен қатар азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін ұсыну және құқықтық ақпараттандыру, сондай-ақ  консультация беру;  

·        Әлеуметтік сұраулар, қоғамдық пікірді  сұрау және зерделеу (коммерциялық мақсатта әлеуметтік сұраулар, қоғамдық пікірді  сұрауды қоспағанда), сондай-ақ оның нәтижелерін орналастыру және тарату;      

·        Коммерциялық мақсатта көрсетілген әрекет іске асырылған жағдайларды қоспағанда,  ақпаратты жинау, талдау және тарату. 

  Салық кодексінің 14 бабы 1-1 тармағымен қарастырылған, тұлғаға осы талаптар таратылмайды.     

 Мысалға, осы талаптар мемлекеттік мекемелерге;  банктік операциялардың жеке түрлерін іске асыратын, ұйымдарға, екінші деңгейдегі банктарға,сақтандыру ұйымдарына; нотариалды,  адвокаттық  әрекетті іске асыруға байланысты алынған, ақша және (немесе) өзге мүлікке; аудиторлардың, бағалаушылардың, арбиторлардың, медиаторлардың,жеке сот орындаушыларының әрекетіне; емге төлеу немесе сауықтандыру, профилактикалық  процедураларды алу мақсатында алынатын,ақша және (немесе) өзге мүлікке; сыртқы сауда шарттары бойынша түскен ақша түрінде алынған және т.б., ақша және (немесе) өзге мүлікке таратылмайды.  Осындай ұстанымдардың барлығы    -16.

  Шетелдік қаржыландыру  мәселелері туындағанда,  жауапты «Шетелдік қаржыландыру  әрекет- мониторингі» айдарында СҚО бойынша МКД сайтында алуға   немесе 8 (7152) 500064  телефоны бойынша  не тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына, сондай-ақ  «Сұрақ-жауап» айдарында сұрақ қоюға болады.