Date of publication: 13.11.2017 12:01
Date of changing: 13.11.2017 12:01

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті   салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылардың назарына келесіні жеткізеді.

       «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (бірдейлендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 519 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығымен «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (бірдейлендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру Қағидалары бекітілді және олар 2017 жылдың 20 қарашасынан күшіне енеді.

        Ол Кағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен бекітілген бақылау (бірдейлендіру) белгілерімен таңбалауға жататын Тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде  Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды қамтамасыз етеді.

    Тізбеге енгізілген тауарлардың өңдірісі кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі Эмитенттен дербестендірілген бақылау (бірдейлендіру) белгілерін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тауарлардың таңбалануын жұзеге асырады.

         Осы Қағидалардағы талаптарға сәйкес бақылау (бірдейлендіру) белгілерімен таңбаланған тауарларды айналымнан әкету кезінде,  бақылау (бірдейлендіру) белгілері жойылған (бүлінген, жоғалған) жағдайда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мұндай мәліметтерді «Тауарларды таңбалау» Сервистік бағдарламалық өнімге бақылау (бірдейлендіру) белгілері жойылған (бүлінген, жоғалған)  күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде енгізеді.

         Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлары бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер СБӨ жұмыс істеген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде СБӨ-ге мәліметтерді табыс ете отырып, оларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды жүзеге асырады.