Date of publication: 12.10.2017 10:54
Date of changing: 12.10.2017 10:54

Азаматтар сауда жасаған кезде  бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданумен және чектердің берілуімен  үнемі қақтығысады. Тәжірибеде көптеген сатып алушылар сатушылардың чек бергеніне (бермегеніне) аса мән бермейді, өкінішке орай, бұл алақол салық төлеушілерге пайдалы.   Чекті бермеу, шаруашылық субъектінің нақты  табысын төмендетіп көрсетуге мүмкіндік береді, өз кезегінде бюджетке салық түсімдерінің толық түсімдеріне әсер етеді.  Сонымен бірге, бюджетке толық түспеген салық, мемлекет өзіне жүктеген сәйкесті бағдарламалардың орындалмауына тікелей әсер етеді.      Сондықтан  тауар сатып алған  немесе қызмет алған кезде чекті талап ету қажет.  Бұл сатып алушы мен мемлекетке өте қажет.  Бақылау чегі-  бұл сатушы мен сатып алушының арасындағы ақшадай  есеп-айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын, бақылау-касса машинасының алғашқы есеп құжаты болып табылады.     

Сонымен бірге, чекті талап ете, бірінші кезекте тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің  тұтынушы ретінде өз мүддеңізді қорғайсыз.   Мысалға, егер  объективті  себептер бойынша сатып алушыға тауар  ұнамаған жағдайда, тауарды сатып  алғанын растайтын факт, бақылау чегінің қолда барында осы тауарды ауыстыруға немесе кері қайтаруға болады, ал  оның жоғында тұтынушы осы сатушыдан (өндірушіден) сатып алған фактіні  растауы керек.   

Қолға  чекті беру- міндетті талап, Салық кодексіне келісілген сауда операцияларында іске асырылатын ақшадай есеп-айырысу немесе қолма-қол ақшамен қызметтер көрсету, бақылау-касса машиналарын міндетті қолданумен және тұтынушыға бақылау чегін берумен  жүргізіледі.  

Демек, сатып алушыға  БКМ чегін  бермеу, Салық заңнамасы нормаларының бұзушылығы болып табылады. 

Сатушылардың  бақылау-касса машиналарын  қолдану тәртібін   сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР кодексіне  сәйкес әкімшілік жауапкершілік  көзделген.  

Мемлекеттік кірістер департаменті халықты,  саналы болуын  және   сатып алынған тауар не көрсетілген қызмет үшін бақылау чегін талап ету жолымен мемлекетке салық төлемдерімен бюджетті толықтыру үшін көмек көрсетуін  үндейді.

Сонымен қатар   «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясының жалғасуын ескертеді.

2017 жылғы 1 мамырдан 30 қарашаға дейін «Атамекен» ҰКП қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитеті «Чек талап ет-сыйлық ұтып ал!» акциясын өткізуде.

   Акцияға қатысушылар - акцияны өткізу кезінде Wipon мобильді қосымша арқылы чектің суреттерін Акцияны ұйымдастырушыларға ұсыну жолымен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алғанын растаған, Қазақстан Республикасының азаматтары саналады, яғни смартфон арқылы чектін суретін салып Apple App Store и Google Play Market  - пен көшіруге қолайлы Wipon мобильді ақысыз қосымша арқылы СҚО бойынша мемлекеттік кірістер деартаментіне ұсынуға.

Чек талап етіп, Акцияға қатысыңыздар және сыйлықтар ұтып алыңыз және басты жүлде-автомобиль!

 

 

СҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы