Date of publication: 25.09.2017 18:33
Date of changing: 25.09.2017 18:33

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы хабарлайды.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының негізгі міндеттері, ол: 

- мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік теріс қылықтар жасаудың алдын алу;

 - мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактісінің алдын алу және анықтау, сол сияқты сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау;

- мемлекеттік кірістер органдарының қатарын тазартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Салық төлеушілерге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға  мемлекеттік сатып алу қызметін көрсету кезінде, қылмыстық істерді тергеу кезінде қылмыстық процеске қатысушылармен мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының ұдайы тікелей байланысқа түсуіне байланысты, арамойлы лауазымды тұлғалар жағынан сыбайлас жемқорлық көріністері орын алу мүмкіндігінің жоғары қаупі бар.

Сондықтан, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы облыс тұрғындарының назарына салады.  Егер Департаменттің лауазымды тұлғалары жағынан сыбайлас жемқорлық фактілері, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзушылықтары көрініс алған болса, Сіздер Ішкі қауіпсіздік басқармасының «Сенім телефонына» қоңырау шалуға немесе материалдарды жіберуіңізге болады.

 

Экранға шығару:

8 – (715 – 2) – 46 – 02 – 31

8 – 707 – 7 – 46 – 02 – 31 ( «WhatsApp» мобильді қосымша)