Date of publication: 13.09.2017 15:02
Date of changing: 13.09.2017 15:05

Тамыз айында  барлығы  12 710  чектер келіп түсті,  ойынында 12 034  дана чектер қатысты.

Компьютер бағдарламасы сандар генераторы арқылы БАҚ және СҚО бойынша кәсіпкерлер палатасының  өкілдерінің қатысыумен мамыр айы үшін 3 жеңімпазды анықтады бұлар:

    - Бірінші жеңімпаз Шал ауданы тұрғыны Рахимова Әсем Бағланқызы;

- Екінші жеңімпаз Петропавл қ. тұрғыны Ольга Сергеевна Медведенко;

   - Үшінші жеңімпаз Петропавл қ. тұрғыны Хаметова Эльмира Радиковна.

Акция жеңімпаздарына салтанатты түрде бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Осы жылдың 1 мамырдан  30 қараша  аралығында «Атамекен» ҰКП қолдауымен мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясын жүргізетінін еске саламыз.

Акция мақсаты - тауарды тұтынушы, жұмыс, қызмет көрсету сияқты жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша азаматтарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, көлеңке экономиканы қысқарту, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.

Акция қатысушылары – акция жүргізу кезеңі ағымында Wipon ұялы қосымшасы арқылы чектің суреттерін акция ұйымдастырушыларына ұсыну жолымен жұмыстар және қызмет көрсетулерін, тауарларды сатып алғанын растаған, Қазақстан Республикасы азаматтары.

Яғни смартфон көмегімен чекті суретке түсіріп, СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне Apple App Store және Google Play Market-тен  түсіріп алу үшін  тегін Wipon ұялы қосымшасы арқылы жолдау қолжетімділігі бар.

2017 ж. 1 мамырдан  30 қарашаға дейін чектерді қабылдау.

Акция екі деңгейде жүргізілуде:

Бірінші – облыстық;

Екінші – Комитетпен республикалық деңгейде.

 Ай сайын бірінші деңгейде сыйлықтар ойыны және жеңімпаздарды анықтау (мамырдан бастап қараша айлары үшін).

Акция жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау жолымен анықталады (сандар генераторы арқылы компьютерлік бағдарлама). Сол себепті, кімде кім көбірек чектер жолдаса, қатысушылардың сыйлық ұтып алуға мүмкіндіктері артық болады.

Барлық қатысқан чектер бойынша, бірінші деңгейдегі ұтыс чектерінен басқа (облыстық), басты жүлде – автомобиль, соның ішінде бағалы сыйлықтар ойыны, Республика бойынша мемлекеттік кірістер комитетінде ағымдағы жылдың соңында басты финал өтеді.

Сондықтан чекті талап етіп, акцияға қатысып сыйлықтар ұтып алыңыздар!

 

СҚО бойынша МҚД