Date of publication: 13.09.2017 14:47
Date of changing: 13.09.2017 14:48

       Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен мемлекеттік  жәрдем ақша  алу үшін құқығын ұсынатын, жалған құжаттар пайдалану арқылы аса ірі көлемде мемлекеттік мүлікті қымқыру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды.    

        Яғни, 2016 жылдың ақпан айында СҚО Тайынша ауданы  Краснокаменка с. тұрғыны азамат Е. ауылшаруашылық және    жануарларды өсіру үшін  мемлекеттің  жәрдем ақша  бөлгені туралы  біліп, баю мақсатында, «СПК Алтын-2016» өндірістік  кооперативті шартты түрде тіркеп, алдау жолымен  мемлекеттік жәрдем ақшаны заңсыз алу мақсатында, өндірістік  кооперативтің атынан, ІҚМ тұқымдық өзгертуге байланысты,  асыл тұқымды және селекциялық жұмыс жүргізу үшін қажетті, материалды- техникалық базаның қолда бары туралы  жалған мәліметтерден құрылған, құжаттар пакетін  мемлекеттік органға  табыс еткен.   ІҚМ тұқымдық өзгертуге байланысты, асыл тұқымды және селекциялық жұмыс нақты жұмыс жүргізілмеген.  Бұдан басқа, құрылған өндірістік кооператив меншігінде  қажетті мал мен жұмыс істеу үшін жағдайлар  болмаған.   

Ұсынылған жалған құжаттар негізінде,  жалпы сомасы 14 940 000 теңгеге мемлекеттік жәрдем ақша СПК «Алтын-2016» дербес шотына  аударылған, оны аз.Е. өз мақсатында пайдаланған.  Алайда, СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  Экономикалық тергеу қызметімен  жедел іс-шаралар жүргізу барысында   аз. Е. қылмыстық әрекеті анықталып,  жолы кесілді.  Қылмыстық іс бойынша сотқа  дейінгі  өндіріс  барысында күдіктінің әрекеті   «Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі көлемде бөтен мүлiкке құқықты иемдену»  ҚР ҚК 190б. 4б. 2т. бойынша   сараланды.

         30.06.2017 ж. қылмыстық іс  сотқа жолданды. Тайынша аудандық сотының үкімімен  аз. Е. қылмыстық құқық    бұзушылықтың осы түрін  жасағаны үшін  айыпты деп танылып, шартты түрде 3 жыл 9 ай   бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалды.   Мемлекетке келтірілген шығын,  қылмыстық істі  тергеу және сотты қарау  барысында    толығымен  толтырылды.     

                                         СҚО бойынша МКД ЭТҚ